• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада Тұңғыш Президент күні қарсаңында Бизнестің жоғары мектебі мен Мемлекет саясатының жоғары мектебінің жаңа ғимараттары ашылды

Астанада Тұңғыш Президент күні қарсаңында Бизнестің жоғары мектебі мен Мемлекет саясатының жоғары мектебінің жаңа ғимараттары ашылды

1 Желтоқсан, 2014 11:04
ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Назарбаев университетінің Бизнестің жоғары мектебі (БЖМ) мен Мемлекет саясатының жоғары мектебінің (МСЖМ) жаңа ғимараттарының ашылу салтанатына қатысты. Аталмыш шара ҚР Тұңғыш Президентінің күні мерекесіне орайластырылған, деп хабарлады Премьер- Министрдің баспасөз қызметі.

Премьер-Министр ЖОО-ның басшылығы мен студенттерін құттықтап, жаңа ғимараттың Назарбаев Университетінің саналы қосымшасы болатынын атап өтті. 

«Ғимарат пен құрал жабдықтар өздігінен қазақстандық білім жүйесін жаңа сапалы деңгейге көтере алмайды. Ол үшін бізге жетекші профессорлар, дарынды және шығармашыл студенттер керек.   Ал сіздерде бұндай қасиеттер барына мен сенімдімін», - деді К.Мәсімов университет студенттеріне. 

Сондай-ақ, салтанатты шара аясында  Назарбаев университеті мен ҚР Сыртқы істер министрлігі, Назарбаев университеті мен ҚР Білім және ғылым министрлігі және ҚР Ұлттық банкі арасындағы  Меморандумға қол қойылды. 

НУ жаңа ғимаратында үлкен дәріс залдары, көлемді шараларды, әлемдік деңгейдегі семинарлар мен форумдар  өткізуге мүмкіндік беретін түрлі сыйымдылықтағы конференцзалдар, бейне конференция залдары қарастырылған.  Оның барлығы оқытудың соңғы технологияларын, энерготиімділіктің заманауи технологияларын ескере отырып жасалған.   

Барлық жаңалықтар