- Басты
- Жаңалықтар
- G-Global жаһандық сын-қатерлерді бағындыру мен алдын алудың ұзақмерзімді тетігініе айналады
G-Global жаһандық сын-қатерлерді бағындыру мен алдын алудың ұзақмерзімді тетігініе айналады
Бүкіләлемдік ғылым және өнер академиясы (WAAS) мен Бүкіләлемдік университеттер консорциумының Президенті Эйтор Гургулино де Соуза, WAAS Құрметті президенті, Рим клубының кеңесшісі Иво Шлаус пен WAAS Атқарушы директоры Гарри Джейкобс ұйымдастырылған конференция үшін қатысушылардың атынан шынайы ризашылықтарын білдірген.
«Біз Қазақстанның тиімді экономика құру, азаматтардың әл-ауқатын арттыру, саяси демократиялану бағытындағы елеулі жетістіктерінен зор әсер алдық. Бүгінде Қазақстан қоғамдық тұрақтылықтың, түрлі этнос пен конфессия өкілдерінің бейбіт өмірінің жарқын үлгісі болып табылады және халықаралық интеграция үрдістерінде көш бастауда», – делінген хатта.
Конференцияға қатысушылардың атап өткеніндей, оның қорытындысы Мемлекет басшысының барлық мүдделі мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың, сарапшылық топтардың және әлем жұртшылығының көпжақты ықпалдастығының жаңа форматын құру туралы идеясы жаһандық проблемаларды шешуге қажетті қадам екендігінің тағы бір дәлеліне айналды.
«Біз G-Global алаңы әлемдік қауымдастыққа нақты қажетті коммуникативтік алаң ретінде ғаламдық қатерлер мен апаттарды еңсеру және олардың алдын алу бағытындағы жаңа шешімдердің ұзақмерзімді ұтымды механизмі мен көзіне айналатындығына сенімдіміз», – делінген хатта.
Соңында хат авторлары G-Global бастамасына әлемдегі тиімді диалог алаңы ретінде қолдау білдіріп, Нұрсұлтан Назарбаевқа мықты денсаулық, амандық және Қазақстан мен бүкіл әлем игілігі үшін атқарып жатқан еңбегіне табыс тілейді.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді