• Басты
  • Жаңалықтар
  • Барлық қазақстандықты Мемлекет басшысы жүзеге асырып жатқан үлкен істерге қатысуға шақырамын - Бимендина (ВИДЕО)

Барлық қазақстандықты Мемлекет басшысы жүзеге асырып жатқан үлкен істерге қатысуға шақырамын - Бимендина (ВИДЕО)

1 Желтоқсан, 2014 11:33
Барлық қазақстандықты Мемлекет басшысы жүзеге асырып жатқан үлкен істерге қатысуға шақырамын, деді Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты Әсима Бимендина ИА Strategy2050kz-ға берген сұхбатында.

«Желтоқсан оқиғаларға толы. Жақсы мерекелер саны көп. 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні ерекше аталып өтіледі, себебі Қазақстан мен Президент бір-бірімен өзара байланысты ұғымдар. Мемлекет басшысы атап өткендей, барлық уақытта ол халықтың қолдауы мен сенімін сезініп келеді.  Оның айтуынша дәл осы сенім оған маңызды шешімдер қабылдау мен елді алға жылжытуға көмектесіп келеді.   Президенттің «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Қазақстан халқына жолдауының саяси маңызы зор, бұл әр қазастандық қатысуға тиіс іс-шаралар бағдарламасы», - деді Ә.Бимендина.

Депутат Мемлекет басшысының осы жолдауда еліміздің ары қарай дамуында шешуші рөл атқаратын бірқатар  нақты бағыттарды дәл атап көрсеткенін атап өтті. 

Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған сұрақтардың бірі әлеуметтік инфрақұрылым саласына қатысты. «Бүгінгі таңда республикада 180 апатты мектеп, 104 - үшауысымды мектеп бар. Сонымен қатар мектепке дейінгі мекемелерде 540 мың орын жетіспейді. Осы өмірлік маңызы бар сұрақтарды шешу керек. Соған байланысты Үкіметке Ұлттық қордан мектептерге - 70 млрд,  мектепке дейінгі мекемелер мәселесін шешу үшін соңғы үш жылда 20 млрд бөлу тапсырылды», - деді ол. 

«Әлемдік экономикаға қарай Қазақстан дұрыс қадам жасап, және сол қадамын   қазақстандықтың әл-ауқатына, жалпы мемлекеттің дамуына  әсер етпейтіндей қылып   алдын-ала жоспарлауы керек», - деп аяқтады сөзін Мәжіліс депутаты.  

Барлық жаңалықтар