• Басты
  • Астанада Тұңғыш Президент күніне орай «Ел қолдаған Елбасы» атты картиналар мен фотосуреттер көрмесі ашылды
28 Қараша, 2014 17:11

Астанада Тұңғыш Президент күніне орай «Ел қолдаған Елбасы» атты картиналар мен фотосуреттер көрмесі ашылды

Бүгінгі көрме Елбасының ресми бейнесінен тыс күнделікті өмірдегі жеке бас қасиеттерін көпшілікке таныстырған ерекше бір шара болып отыр, деп мәлімдеді бүгін ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне арналған «Ел қолдаған Елбасы» атты картиналар мен фотосуреттер көрмесінің ашылуында.

Астанада Тұңғыш Президент күніне орай «Ел қолдаған Елбасы»  атты картиналар мен фотосуреттер көрмесі ашылды | Strategy2050.kz

«Бүгінгі көрме Елбасының ресми бейнесінен тыс күнделікті өмірдегі жеке бас қасиеттерін көпшілікке таныстырған ерекше бір шара болып отыр. Менің тануымша, Елбасының ең басты қасиеттерінің бірі – Отанға деген сүйіспеншілігі. Қазақстандықтардың бүгінгі күнге жетуі мен елдің үлкен жетістіктерге  қол жеткізуі, сөзсіз, Елбасының халқына деген махаббатының көрінісі», - дейді министр.

Көрмеде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің жан-жақты қырларын көрсететін қызықты және тосын фотосуреттер, Мемлекет басшысының ойтолғаулары, қазақстандық отбасылармен, балалармен, қала және ауыл еңбеккерлерімен кездескен қуанышты сәттері, сондай-ақ белгілі суретшілердің портреттік еңбектері қойылған. 

Бауыржан Мұқанов 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды