- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық эволюциялық экономикалық даму – дағдарысты еңсерудің ең ұтымды жолы-сарапшы
Қазақстандық эволюциялық экономикалық даму – дағдарысты еңсерудің ең ұтымды жолы-сарапшы
«Елбасы өзінің биылғы «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясатында алдымызда экономикалық дағдарыстың келе жатқанын айтып, оны еңсерудің жолын аталмыш Жолдауда соқырға таяқ ұстатқандай етіп көрсетіп берді. Эволюциялық экономикалық дамудың қазақстандық моделі қазіргі дағдарыс жайында жаһандық сын-қатерлерге берілген ұтымды жауап. Араб әлемі мен посткеңестік елдердегі дағдарысты жағдайда Қазақстанның қазіргі ұстанған экономикалық саясаты қазірден бастап өзінің оң бағытта екенін дәлелдеуде», - дейді профессор.
Оның айтуынша, Елбасы Қазақстанның мемлекет болып қалыптасқан алғашқы жылдарынан бастап ұзақмерзімді саясатынан жаңылмай, жалпыұлттық идеяға айналатын стратегиялық бағдарламалар қабылдай білді.
«Атап айтар болсақ, тәуелсіздік алғашқы жылдарындағы мемлекеттік қалыптасу стратегиясы мен 1997 жылы жарияланған «Қазақстан-2030» Стратегиялық құжаты уақытынан бұрын орындалып, еліміз қазіргі таңда қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын айқындап, әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына ену Стратегиясын қабылдады. Осы орайда біздің, әлеуметтанушылардың, қоғамды бір идея айналасына шоғырландыру мен жұмыла жұмыс істету тұрғысынан мойнымызға үлкен міндет түседі», - дейді.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанадағы Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған Астана әлеуметтану форумы өтіп жатыр. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі, Мәдениет және спорт министрлігі, Білім және ғылым министрлігі және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Қазақстан әлеуметтанушылар қауымдастығы» қоғамдық ұйымы ұйымдастырып отырған шарада отандық және шет елдік әлеуметтанушылар ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясының негізгі міндетте емелерін іске асыру жолдарын талқылады.
Бауыржан Мұқанов
-
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары