- Басты
- Жаңалықтар
- Елінің өркендеуін көздеген Елбасымыз жыл сайын жаңа бағдарламалар енгізуде – Аманқұлова
Елінің өркендеуін көздеген Елбасымыз жыл сайын жаңа бағдарламалар енгізуде – Аманқұлова
«Алғашқы жылдары қиналғанымыз рас. Айқын жол, алып бастамаларды ұсынған Елбасымыз қазақ елінің экономикасы мен әлеуетінің дамуына бар күш- жігерін сарп етті. Әлемді қазақ деген ел бар екенін жер бетіндегі барлық мемелекет таныды. Бұл біздің Елбасымыздың көрегенділігінің арқасы. Қазақ елі ішкі және сыртқы саясатты ұстана отырып, ұлттар мен ұлыстар достығын нығайта отырып, бейбітшілік пен келісім аясында алға қарышты қадам басуда», - деді ол.
Елінің өркендеуін көздеген Елбасымыз жыл сайын жаңа бағдарламалар енгізіп, сол арқылы халықтың тұрмысының түзелуін қамтамасыз етуде. Біздің ауданымызда да ауылдарымызда да алға ілгерлеушілік басым. Ел қамын ойлаған Елбасының басым бағыттарды межелеген бағдарламаларының бірі бұл ауылдарда аудандарда жаңа бизнес бастамаларына қолдау көрсету. Осы бағдарламалар аясында ауалдарда шаруа қожалықтары іргесін кеңге салып, асыл тұқымды мал алып, жем-шөп даярлайтын техникалар алып, шаруа қожалықтары өркендеуде.
«Мен де биыл бизнесін жаңадан ашатын кәсіпкерлерге қаржылай грантпен қолдау көрсету механизмі бойынша облыс әкімі грантының иегері атандым. Ұсынылған жоба бойынша полистерол бетон шығару цехын салуды қолға алмақпын. Ауданымыз жыл сайын өркендеп келе жатыр. Аудан халқының әл-ауқатының жақсарғанын зәулім-зәулім үй салып, ғимараттар ашқанынан- ақ білуге болады. Құрылыс саласы қарқынды дамып келе жатқан біздің ауданға біз шығарайын деп отырған полистерол бетоны өте қажет», - деді ол.
«Жағымды жаңалықтарға толы әр жылдағы біздерге көрсетілген қамқорлық пен қолдау ол еліміздің өркендеуінің баспалдақтары. Сол баспалдақтардың мықты болуы біздің бағдарлама жеңілдіктерін пайдаланып, сапалы әрі тартымды затты өндіруімізден тұратынын ұмытпайық. Ел мерейін асқақтатуға атсалысып, көрегендік танытып, болашаққа бастар нұрлы жолды айқындап берген елағасы, Елбасына ұзақ ғұмыр, зор денсаулық тілеймін. Еліміз аман болып, жаңа биіктерді бағындыра берейік», - деп толықтырды ол.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер