• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н.Назарбаев ҰҚК төрағасымен лаңкестікке қарсы күрес мәселелерін талқылады

Н.Назарбаев ҰҚК төрағасымен лаңкестікке қарсы күрес мәселелерін талқылады

28 Қараша, 2014 14:07
Елбасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай Әбіқаевты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

 Н.Әбіқаев Мемлекет басшысына Комитеттің қазіргі жұмысы мен алдағы кезеңдегі негізгі міндеттері туралы баяндады.    

Кездесу барысында Қазақстан Президенті ел азаматтарының Сирия аумағындағы әскери қимылдарға қатысу оқиғаларына айрықша назар аудара отырып, халықаралық лаңкестік пен экстремизм қатерлеріне қарсы тұруға бағытталған барлық қажетті шараларды қабылдаудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді. 

 

Барлық жаңалықтар