- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы облысында қала құрылысының кеңесі құрылады – әкім
Алматы облысында қала құрылысының кеңесі құрылады – әкім
Онда жергілікті атқарушы органдардың жер қатынастары, сәулет және қалақұрылысы салаларындағы Қазақстан Республикасының заңнамалары талаптары мен қағидаларын сақтауы туралы мәселе қаралды, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Осы мәселеге қатысты облыс әкімінің бірінші орынбасары Махаббат Бигелдиев баяндама жасады. Баяндамашының айтуынша, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ревизиялау нәтижесінде облыста пайдаланылмай жатқан 233 мың гектар жер анықталып, оны мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүргізілуде. Тексеру нәтижесінде облыс аумағында соңғы үш жылда жалпы көлемі 3,5 мың гектар жер учаскелерінің нысаналы мақсаттары бағбандық ісін жүргізуге, өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізуге, өнеркәсіп және коммерциялық мақсаттарға, жеке тұрғын үй құрылысына өзгертілгені анықталды. Оның ішінде Іле, Қарасай, Талғар, Жамбыл, Еңбекшіқазақ ауданындарындағы жағдай сын көтермейді.
«Ауыл шаруашылығы алқаптарында тұрғын үйлердің өз бетінше салынуы саяжайлық қауымдастықтар мен басқа да елді мекен мәртебесі жоқ тұрғын үй массивтерінің пайда болуына әкеп соқтыруда. Бұл массивтер тиісті инженерлік, әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілмегендіктен және онда әлеуметтік нысандардың жоқтығынан қоғамда наразылық тудыруда», - деді М.Бигелдиев.
Осы тақырыпқа байланысты облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Ж.Омаров, облыстық сәулет және қалақұрылысы басқармасының басшысы Д.Шалтабаев баяндама жасап, талқылауға мінбеге бірқатар аудан әкімдері шақырылды.
«Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасы бойынша барлық аудан, қалаларда жер түгендеу жұмыстары жүргізіліп, соның қорытындысында бірқатар аудандарда, соның ішінде Алматы қаласына жақын аудандар мен қалаларда бұл мәселе өте күрделі екені анықталып отыр. Аудан, қала әкімдері өздері жол берген осы заңсыздықтарды өз қолдарымен аз уақыттың ішінде реттейтін болады. Мен осыны талап етемін.
Туристік саланы дамытуға бағытталған жерлерді меншіктеуде де заңсыздықтар орын алған. Осыған байланысты Қапшағай қаласы мен Алакөл ауданы әкімдері осы мәселені түзеп, жерлерді қайтарып алу кезінде заңдық тұрғыда түсіндіру жұмыстарын жүргізсін, - деді Амандық Баталов.
Облыс әкімі А.Баталов құрылысты, сонымен қатар жер бөлу мен оны пайдалану ісін бақылайтын арнайы кеңес құруды ұсынды. Аудан, қала әкімдеріне пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмысын жылдамдатуды тапсырды. Сол сияқты құрылыс ережелерін сақтауды талап етіп, әсіресе автомобиль жолдарының бойында құрылыс жүргізуде бұл мәселе қатаң сұралатыны айтылды. Сонымен қатар жиын барысында айтылған заңсыздықтарға жол берген лауазымды тұлғаларға қатысты шара қолданылатынын да қатаң ескертті.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері