- Басты
- Жаңалықтар
- Талдықорғанда 2014 жылдың жас көшбасшылары марапатталды
Талдықорғанда 2014 жылдың жас көшбасшылары марапатталды
Алматы облысының әкімі Амандық Баталов өзінің құттықтауында облыстағы жастар саясатының жүзеге асырылу барысына тоқталды.
«Биылғы Жолдауында Елбасы жасампаз елдің жастарына үлкен сенім білдірді. «Нұрлы жол» креативті ырғақты жастарымыздың күш-жігер жұмсап, құлаш сермейтін тұсы», - деп атап көрсетті. Сондықтан жас қазақстандықтар алдыңғы буын ағаларының игі істерінен үлгі алып, үнемі өздерін білімде, еңбекте, ізденісте жетілдіріп отыруы шарт. Себебі ел болашағының жарқын, әлемдік қауымдастықта беделді болуы жастарымыздың білімі мен кәсіби дайындығына, жеке азамат ретінде қалыптасуы мен азаматтық көзқарасына байланысты», - деді өз сөзінде А.Баталов.
Құттықтау сөзден кейін өңір басшысы жастар сыйлығының жеңімпаздарына ақшалай сыйлықтар мен дипломдар тапсырды.
Атап айтқанда, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылындағы № 4 мектептің мұғалімі Меруерт Жекебаева «Үздік жас ұстаз», «24 kz» телеарнасының операторы Олжас Байбосынов «Үздік жас маман», І.Жансүгіров атындағы ЖМУ-дың 3 курс студенті Дәулет Ауданбаев «Үздік студент», XVII Азия ойындарының жүлдегері Маргарита Елисеева «Үздік жас спортшы», Панфилов ауданының тұрғыны Дінмұхамед Жапар «Үздік жас кәсіпкер» атанды. Сонымен қатар «Ауыл шаруашылығының үздік жас маманы», «Үздік жас әскери қызметкер», «Үздік жас өнерпаз», «Жасыл ел жасағының үздік сарбазы», «Үздік жас ғалым», «Жас батыр», «Үздік жас саясаткер», «Үздік жас журналист», «Үздік ерікті», «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының үздік көшбасшысы сияқты жалпы саны 17 номинация бойынша сыйлықтар тапсырылды.
Шара қазақ эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен ұйымдастырылған концертпен аяқталды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Ж.Бекшин: Коронавирус жұқтырғандар арасында жастар көп -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді