- Басты
- Жаңалықтар
- С.Қайырбекова Көкшетаулықтарға «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын түсіндірді
С.Қайырбекова Көкшетаулықтарға «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын түсіндірді
«Өңірге сапарының алғашқы күні Салидат Қайырбекова Көкшетауда облыстық ауруханаға, Көкшетау қалалық медициналық колледжінде, мүгедек балаларға арналған «Аялау» орталығына барып, кездесулер өткізді», - делінген хабарламада.
Осы күні С.Қайырбекова «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында болып, азаматтарды қабылдады.
Тұрғындармен, медициналық қызметкерлермен және студенттермен ұйымдастырылған кездесулерде Салидат Қайырбекова Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауының негізгі бағыттары туралы әңгімелеп, Жолдаудан туындайтын тапсырмаларды орындау жайын талқылады.
Жолдауда Мемлекет басшысы еліміздің жаңа даму кезеңінде экономиканы нығайту, халықтың әл-ауқатын арттыру бағытында міндеттер қойып, «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясатын айқындап берді. Бұл әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына қосылуда ауқымды қадам болып табылады.
Кездесуге қатысушылар Елбасы Жолдауында айтылған тапсырмаларды қызу қолдайтындарын және оны табысты іске асыруда бар күш-жігерін жұмсауға дайын екендерін жеткізді.
Жұмыс сапары аясында Салидат Қайырбекова 2014 жылғы 28 қарашада қимыл-қозғалыс жүйесі зақымданған мүгедек балаларға арналған мекемеге, перинатальдық орталыққа, қалалық ауруханаға барып, өңірдің медициналық қауымдастығымен кездесу өткізуді жоспарлап отыр.
Сонымен қатар, 2014 жылғы 29 қарашада ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын түсіндіру шараларын №1 қалалық емханада, Отбасы денсаулығы орталығында, Бұланды аудандық ауруханасында, Ақкөл ауданының Домбыралы ауылындағы отбасылық-дәрігерлік амбулаторияда және Шортанды ауданының Бозайғыр кентіндегі отбасылық-дәрігерлік амбулаторияда жалғастырады.
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Президент жолдауынан басталған игі істер -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
Жолдау-2021: Салықтық әкімшілендіруді күшейту шаралары -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер