- Басты
- Жаңалықтар
- Астана әкімі «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалының төрағасы болып сайланды
Астана әкімі «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалының төрағасы болып сайланды
Өз сөзінде Бауыржан Байбек Елбасының тапсырмасына сәйкес ендігі кезеңде «Нұр Отан» партиясы жұмысының басты бағыты – Жаңа экономикалық саясаттың жүзеге асырылу барысына тиімді партиялық бақылау ұйымдастыру және бөлінген қаржының мақсатқа сай жұмсалуын қадағалау болатынын атай отырып, «Мәжілістегі партия Фракциясына мүше депутаттардың қатарынан «Нұрлы Жолдың» нақты бағыттарын қадағалау бойынша 4 депутаттық топ құрылады. Осы қағида бойынша жергілікті жерлерде де мәслихаттардағы фракцияларымыз арқылы сындарлы жұмыс жолға қойылады», - деді.
Конференция барысында Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалының төрағасы болып сайланды. Өз кезегінде, ол, партияластарына сенім білдіргендері үшін алғыс білдіре отырып, өзіне елордадағы партия ұйымының төрағасы ретінде үлкен жауапкершілік артылып отырғанын атап өтті.
Сонымен қатар, конференцияда партияның Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сапар Ахметов ағымдағы қызмет барысы туралы баяндама жасады. Айталық, қалада 34 мың нұротандықтың басын қосқан партияның 6 аумақтық филиалы және 319 бастауыш партия ұйымы қызмет атқарады. Ағымдағы жылдың қарашасындағы мәлімет бойынша Астанадағы партия өкілдерінің 96%-ы жаңа үлгідегі партиялық билеттерді алып үлгерді.
Партиялықтар «Нұр Отанның» Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында қабылданған 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының іске асырылуын талқылап, Астана қаласының Сайлауалды тұғырнамасы орындалуының соңғы 2,5 жылдағы аралық қорытындыларын жасады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
Арқа төріндегі Арайлы астана жылнамасы -
Сайлау-2021: Ауыл әкімін сайлауды ұйымдастыру, кандидаттарды тіркеу және өту барысы -
Қарағанды облысының дамуы: экономикалық даму, агроөнеркәсіптік кешен мен «Балқаш-Бурылбайтал» автожолы -
«Нұрлы жол»: Жолдағы қызмет көрсету нысандары, ақылы жолдар және кадр тапшылығы -
«Нұрлы жер»: 163 мың отбасы баспаналы болмақ -
Шектеу шаралары: Елордадағы Мемлекеттік академиялық филармония қалай жұмыс істеп жатыр
-
Елордада цифрландыру аясында жүзеге асқан жобалар жемқорлықты азайта алды ма -
Мамин қайтадан Премьер-министр болып тағайындалды -
Сағынтаев Алматы қалалық мәслихатының жаңа депуттарымен кездесті -
Парламент Мәжілісі төрағасы сайланды -
Ауыл әкімдерін сайлауда аудан әкімінің емес, жергілікті халықтың ықпалы басым болу керек – Айбек Қалиев