• Басты
  • Қазақстанда Пржевальский жылқылары мен арыстандарды қалпына келтіру бойынша көпжылдық жоба жүзеге асырылуда
27 Қараша, 2014 12:48

Қазақстанда Пржевальский жылқылары мен арыстандарды қалпына келтіру бойынша көпжылдық жоба жүзеге асырылуда

Қазақстанда Пржевальский жылқылары мен арыстандарды өсіруді бастайды, аталмыш жұмыс шамамен 20 жыл уақытты алады. Бұл туралы «Биоәртүрлілік» тақырыптық кеңесінің вице-президенті, биология ғылымдарының кандидаты, қазақстандық биоәртүрлілікті сақтау қауымдастығы директорының орынбасары Сергей Скляренко ОКҚ брифингінде мәлімдеді.
Қазақстанда Пржевальский жылқылары мен арыстандарды қалпына келтіру бойынша көпжылдық жоба жүзеге асырылуда | Strategy2050.kz

«Биоәртүрлілік бағыты бойынша географиялық қоғам бірқатар жұмыстар атқарады. Оның ішінде маңыздысы -   Қазақстанда арыстандарды қалпына келтіру жобасы. Жобаны көтерген Бүкіләлемдік жабайы табиғат қоры, және оған бірқатар міндеттер кіреді, оның ішінде ең негізгілері - ол арыстандарды  өсіру емес, ол арыстандар өмір сүретін экожүйені қалпына келтіру, онсыз ешқандай арыстан туралы сөз қозғауға да болмайды», - деп мәлімдеді С. Скляренко.

Сонымен қатар, оның айтуынша, экожүйені қалпына келтіру - ол көпжылдық міндет, сондықтан жоба шамамен 20 жылға есептелген, бұл ретте дайындық жұмыстары кем дегенде 5-7 жылға созылады, және бәрі дұрыс болған жағдайда алғашқы арыстандарды біз 2020-2021 жылдары ғана әкеле аламыз. 

«Қазір үкімет тарапынан қолдау күтіп отырмыз, ең алдымен Қазақстанда арыстандарды қалпына келтіру бағдарламасы бекітілуі керек», - деді ол.

Сонымен қатар, Қазақстанның биоәртүрлілікті сақтау қауымдастығы директорының орынбасары олардың паралельді түрде Қазақстанда Пржевальский жылқыларын қалпына келтіру бойынша жобаны әзірлеп жатқандарын айтты. 

«Егер Қазақстанда соңғы рет арыстандар 1947 жылы болған болса, Пржевальский жылқысы 150 жылдай бұрын жоғалып кеткен. Дегенмен жылқыға қатысты жеңілірек, себебі Қазақстанда оған керек экожүйе бар.    Бұл жұмыс та 20 жылға есептелген, неміс хайуанаттар бағынан, моңғол әріптестерімізден қолдау күтіп отырмыз, біз бұл жобаның табысты болатынына сенімдіміз, оның үстіне Ауыл шаруашылық министрлігі де өз қолдауын білдірді», - деп мәлімдеді  С. Скляренко.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды