• Басты
  • ҚР ҰКП-де туризм мәселелері талқыға салынды
27 Қараша, 2014 15:03

ҚР ҰКП-де туризм мәселелері талқыға салынды

ҰКП Төралқа басшысы Тимур Құлыбаевтың төрағалығымен ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Туристік сала комитетінің жұмыс жиналысы өтті. Елдегі туризмнің инфрақұрылымдық даму келешегі, соның ішінде индустриялық парк қағидаты бойынша дамыту ұсынылған туристік кластерлер талқыланды.

ҚР ҰКП-де туризм мәселелері талқыға салынды | Strategy2050.kz

«Осы сала жоғары деңгейде дамыған елдер тәжірибесі бойынша туристік кластерлер мемлекеттік ынталандыру мен қолдау жасалған жағдайда жылдам және нәтижелі дамуы мүмкін; алайда жеке меншік секторды тарту шоғырланған жұмысты қамтамасыз етеді және оның тиімділігі артып, сонымен қатар әлеуметтік мәселелер де шешімін табатын болады», - делінген хабарламада.

ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевтың ойынша, туристік кластерлер әлеуетті туристер арасындағы танымалдық, аурмақты кешенді дамыту және басқа да факторларды ескере отырып қалыптасып, өсуге тиіс. Бұл тұрғыдан алып қарағанда, Алматы және оның төңірегі, ШҚО және де, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, «жаңа жұмыс орындары мен қосымша өндірістер құра отырып, Қазақстан үшін өмір жолына» айналатын, қалпына келтірілген Ұлы Жібек жолы келешегі бар өңірлер болып қала береді.

Күн тәртібінде үстіміздегі жылдың жазында «Гүлнар тур» компаниясы айналасындағы даудан кейін анықталған жүйелік мәселелер де болды. Туроператорлық қызмет шарттары, туроператорлар мен турагенттер жауапкершілігін бөлу, қаржылай кепілдікті енгізу, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру және т.б. жөнінде заңнамаға өзгертулер бойынша әзірленіп қойған ұсыныстар топтамасымен бірге, Ұлттық палата Төралқа басшысы ҰҚП Басқармасына өзекті мәселелерді шығарып, бейіндік министрлікпен бірлесе отырып оларды шешумен айналысуды тапсырды.

«Ұлттық палата туризмге жауапты Инвестициялар және даму министрлігімен бірге Қазақстан туристері үшін алдын-алу және қорғау шараларын жасап шығуы қажет», – деп баса айтты Тимур Құлыбаев. 



 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды