- Басты
- Жаңалықтар
- Облыстарда Президент Жолдауын түсіндіру жұмыстары жүргізілуде
Облыстарда Президент Жолдауын түсіндіру жұмыстары жүргізілуде
«ОҚО ТЖ департаментінің жеке құрамымен кездесу өтіп, онда ОҚО ТЖ департаменті басшысының орынбасары өртке қарсы қызметтің подполковнигі Нұрболат Дербісов сөз алды. Кездесу барысында көлік, энергетикалық, индустриялды және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту мен шағын және орта бизнеске қолдау көрсетудің жаңа мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру міндеттемелері жайлы әңгіме өрбіді. Осы мақсатта «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорынан қаражат бөлінбек. Сонымен қатар, подполковник Департаменттің Жолдауды іске асыру бойынша алға қойылған міндеттеріне жеке-жеке тоқталды», - делінген хабарламада.
Сөз соңында Департаменттің әрбір қызметкерінің елдің шын патриоты ретінде Мемлекет басшысы Жолдауын іске асыруға ат салысу керектігін айтты.
Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының негізгі қағидаларын түсіндіруге арналған кеңейтілген отырыс Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінде де өтті.
Өз сөзінде департамент басшысы А.Абдықалықов Жолдаудың маңыздылығына тоқталып, ондағы Мемлекет басшысының ел дамуы үшін алға қойған тапсырмаларын түсіндірді. Көлік, энергетикалық, индустриялды және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту мен шағын және орта бизнеске қолдау көрсетудің жаңа мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру міндеттемелерін жүзеге асыруда кезең-кезеңімен атқарылар жұмыстарды талдады.
«Төтенше жағдайлардың алдын алу, ескерту мен дер кезінде әрекет ету адам өмірін құтқаруда басты шаралардың бірі екені сөзсіз. Бұл департаменттің басты міндеттемелерінің бірі. Осынау тапсырманы іске асыру үшін әрбір қызметкердің Жолдауда айтылған тапсырмаларды сезініп, адал түрде қызмет етуі маңызды», - дейді ТЖД басшысы.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
Президент жолдауынан басталған игі істер -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Халық санағына дайындық жұмыстары қалай жүргізілуде -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр