- Басты
- Жаңалықтар
- Өскеменде Тұңғыш Президент күнін тойлауда
Өскеменде Тұңғыш Президент күнін тойлауда
Апталықтың алғашқы күінен бастап мектептерде «Елбасына тарту» атты тақырыптық класс сағаттары, шығармалар байқауы, кітап көрмелері, ауызша журналдар ұйымдастырылып, ұлт көшбасшысы туралы деректі фильмдер көрсетіліп, салтанатты жиналыстар өткізіліп, «Президент күні - Қазақстанның барша халқының бірлігі күні» тақырыбында ақпараттық қабырға газеттері ілінген. Орталық қалалық кітапханада «Н.Ә.Назарбаев - ұлт көшбасшысы» тақырыбында кітап көрмесі ашылды.
23 қарашада Қазақстан-Америка Еркін университетінде (ҚАЕУ) ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған дебаттар өтті. Дебатерлердің Шығыс Қазақстандық Қауымдастығының Төрағасы Медет Мұздапаров дебат - қарым-қатынасқа үйретудің ерекше формасы, ол оқушылар мен студенттердің тәрбие жұмысын ұйымдастыруға ықпал етеді. «Дебаттың танымалдылығының өсуі қуантады. Оған 41 команда қатысты. Бұл қазақ тілді лигадағы қатысушылар саны бойынша рекорд болып табылады», - деді ол.
Келесі тақырыптық шаралар - бұл Астана мен Өскемен қалаларының сәулет құрылыстары макетінің көрмесі. Көрмеде елорда мен облыс орталығының сәулет құрылыстарының 15 макеті ұсынылды.
Келесі күн тақырыбы «Металмен шыңдалған Елбасы» деп аталды. Бұл күні қала билігі қала кәсіпорындарын аралап, еңбек ұжымдарын ҚР Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Президент жолдауынан басталған игі істер -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
Президент тапсырмасы: Елімізде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды -
Президент тапсырмасы: «Жас ғалым» жобасы аясында 1000 грант бөлінді -
Президент дипломаттарды кәсіби мерекесімен құттықтады -
Президент тапсырмасы: Биржадағы саудада тәртіп орнай бастады