- Басты
- Жаңалықтар
- Елбасы Жолдауын қолдау – әрбір қазақстандықтың міндеті – ардагер
Елбасы Жолдауын қолдау – әрбір қазақстандықтың міндеті – ардагер
«Мемлекет Басшысы инвестициялық ахуалды жақсартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға көңіл бөліп, сол арқылы әлеуметтік жағдайды жаңа сатыға көтеруге күш салып отырғанын Жолдаудан анық байқадық. Бұның бәрі Елбасы бейнелеп айтқан ұлан-ғайыр, ұшқан құстың қанаты талатын кең байтақ елімізде іске аспақ», - деді ардагер.
Оның сәтті, нәтижелі болуы жол қатынастарына тікелей байланысты. «Жол азабын жорытқан білер» дегендей, 6,5 млн. гектар жерді алып жатқан біздің Байғанин ауданы жағдайында жол дегеннің қандай маңызға ие екенін жақсы білеміз, деді ол.
«Ауданның солтүстік батысынан өтіп жатырған 140 шақырым жол бөлігі бүгінде жарамсыз жағдайда, ал аудан тұрғындарының 75% қамтитын Қарауылкелді, Жарлы, Ноғайты, Қопа, Ебейті елді мекендері осы Ақтөбе-Атырау мемлекеттік жолымен әлі жүріп жатыр. Ал осы жолдың жарамсыздығынан, Ақтөбеден Атырауға баратын барлық маркадағы автомобилдер мен жүк көліктері Орал арқылы айналма жолмен 600 шақырымға жуық артық жүріс жасауда», - деді ол.
Ол атап өткендей, жергілікті маңызы бар жолдар да өз жөндеуін күтуде. Елбасы Жолдаудың ең басты түйіні осы жол болмақ деп бүкіл қазақстандықтардың арман-мүдделерін «Нұрлы жол» деген екі ауыз сөзге сыйғызды. Қазақ ежелден жолаушыға «Жолың болсын!» - деп игі тілек тілеген. Ат көлігі аман, қиындық көрмей, шаруасы бітіп келген адам «Жолым болды!» - деп қуанады екен. Міне, жол деген үлкен мағынаға ие болатын осындай киелі ұғым. Енді еліміздің жолы нұрлы болатын күнде алыс емес. Тұрақты жұмыспен қамтылған, қол жетімді баспанасы бар, дені сау адамның бақуатты тірлік құруына мүмкіндік мол боларына сенімдімін.
«Біздің гүлденуіміз қазақстандықтардың ауызбіршілігінде. Сондықтан да Елбасы Жолдауды «Ел бірлігі – біздің барша табыстарымыздың кілті», деп қорытындылады», - деді ол.
Ардагерлердің де келешек ұрпаққа аманаттар ең басты байлығы – ел бірлігі.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Президент жолдауынан басталған игі істер -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Шағын және орта бизнесті қолдау шаралары -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы