- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның барлық жетістігін біз ҚР Тұңғыш Президентінің есімімен байланыстырамыз – Қ.Көшербаев (ФОТО)
Қазақстанның барлық жетістігін біз ҚР Тұңғыш Президентінің есімімен байланыстырамыз – Қ.Көшербаев (ФОТО)
«Кездесуде этнос өкілдері Елбасының ұлағатты сөздерін тыңдап, жылы жүздесуден алған әсерлерімен бөлісті. Олар мемлекет басшысының қайраткерлігі арқасында Қазақстанда 130-дан астам этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатқандығын айтты. Расында еліміз барлық ұлт пен ұлыстың бейбітшілік ордасына айналып, толеранттылықтың ерекше үлгісін жасай білді. Соның ішінде әлемде теңдесі жоқ, бірден-бір құрылым - Қазақстан халқы Ассамблеясын құру, оны жетілдіру, басқа елге үлгі ету Елбасының сарабдал саясаты», - делінген хабарламада.
Облыста 11 этномәдени орталық жұмыс жасайды. Олар мемлекеттік саясатты қолдап, аймақтың өркендеуіне өзіндік үлес қосып келеді. Елбасымен дидарласқан этнос өкілдері өздерінің алған әсерлерімен бөлісті. Барлығы да Президенттің әрбір сөзінен елдің келешегінің кемелдігін көріп, күш-жігер алғандықтарын айтты.
«Бүгін өздеріңізбен кездесіп, Елбасының өмірлеріңізде қалдырған өшпес ізі туралы әсерлі естеліктеріңізге ризашылығымды білдіремін. Келер 2015 жыл - ұлттық тарихымызды ұлықтап, биіктерімізді бағалайтын мерейлі белестерге толы, аса маңызды жыл болып тұр. Қазақстан Республикасы Конституциясымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы және Ұлы Жеңістің 70 жылдығы салтанатты түрде аталады. Келесі жылы этномәдени бірлестіктер үшін айрықша жыл. Мерейлі жылы Достық үйі ашылады және республикалық деңгейде Сабантой мерекесі ұйымдастырылатын болады», - деді Қ.Көшербаев.
Кездесуге қатысушыларға Елбасы туралы кітап сыйға таратылды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі