- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР-ның ДСҰ-на ену бұл халықаралық сауда интергациясына қажет
ҚР-ның ДСҰ-на ену бұл халықаралық сауда интергациясына қажет
«Халықаралық сауда интеграциясы Қазақстанның дүниежүзілік экономика жүйесіне енуі әлемдік шаруашылық байланыстың нығайту жағдайын арттырады.
Елдің сауда-экономикалық байланысы экономика мен сауданың ашықтығын байқатады.
Бұл көпжақты келісім шарттарды жүзеге асыру мен кедендік тарифтердің төмендеуі тұрғысында халықаралық сауда тарапынан өзге проблемаларды жою болып табылады
Әлемнің 90 пайызыдық саудасы келісім шарттық-құқықтық жүйе бойынша жүзеге асырылады.
Сауда экономикасын арттырып, елдегі нарықтық деңгейдің тұрақтылығын сақтап қалу үшін ДСҰ-ның құрамына ену керек.
Қазіргі таңда 1995 жылы ашылған халықаралық құрылым жаһандану үрдісін жүзеге асыратын ең басты құрал болып есептеледі. Құрамына 153 мемлекеттік нарығын қосқан ұйымға Қытай қосылғаннан бері ол барлық әлемдік нарықты қамтыды.
Қазақстан 1996 жылдың қаңтарында Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіру үшін өтініш жазды. Ол кезде еліміз экономикалық нарығы бар мемлекет ретінде қалыптаспаған болатын. 1998 жылы Қазақстан ДСҰ-ның толыққанды мүшесі болады деп жоспарланды.
Осы күнге дейін бұл сұрақ өзекті мәселе ретінде барлық бағыт бойынша қарастырылуда. ДСҰ-ның құрамына ену үшін қаржы мен дайындық жұмыстарын қажет етеді.
ДСҰ-на ену ішкі тауар айналымын күшейтеді, ағымдағы жылы ол 55 млрд теңгені құрап, 27,6 пайызға өсті. Тауардың экспорттылығы 38,4 млрд-ты құрап, 52,3 пайызға дейін көтерілді. Ал импорттылық 16,6 млрд-қа жетіп, 7,2 пайызға өскен.
Сальдо саудалық бірлігі 21,7 млрд АҚШ доларын құрады, ол 2009 жылмен салыстырғанда 3 есеге жоғары. (1 сурет)
ҚР 01.09.2010 ж бойынша ішкі тауар айналымы.
Отандық экономиканың тұрақты дамуы Кедендік Одақ бойынша нарықтың кеңеюіне әсер етеді. Ағымдағы жылдың 8 айы бойынша Қазақстанның Ресеймен ішкі сауда айналымы 8,5 млрд долларды құрады. Ал Беларусь елімен – 300 млн долларға тең, бұл 2009 жылдық көрсеткішпен салыстырғанда 11,8 және 5,6 пайызға өскен.
ДСҰ осындай тұрғыда толық және әмбебап түрге көшеді. Сондықтан Қазақстан аталмыш ұйымға енсе сауда саласында тұрақтылыққа ие болады». – деп А. Тоқсанбаева айтты.
-
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет -
COVID-19-ға қарсы екі екпені не үшін алу қажет -
Сарапшылар пікірі: Оқушылар мен студенттерге қандай дағдыларды дамыту қажет