- Басты
- Жаңалықтар
- Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні ел тарихындағы маңызды күн - ҚХА
Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні ел тарихындағы маңызды күн - ҚХА
«Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Қазақстан халықтары Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық кеңесі мүшелерінің, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының халықаралық ғылыми семинарына қатысушылар атынан ҚР Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтауымызды қабыл алыңыз. Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті Күні біздің ел тарихындағы маңызды күнге айналды, ол жаңа мемлекет құрылымының базалық негізінің маңыздылығы мен құндылығын бағалауға мүмкіндік береді», - делінген хат мәтінінде.
Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың оның экономикалық, әлеуметтік және саяси дамуының алдында тұрған көптеген және кезек күттірмейтін міндеттерді шешудегі рөлі аталған. «Сіз гүлдену мен дамуға бастар ең сенімді кілтті таптыңыз. Ол кілт ұлтаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі».
ҚХА ғылыми-сараптамалық кеңесінің қатысушылары Қазақстан Президентінің ел халықтарының бірлігін нығайту мен қағамның бірігуіндегі рөлін де атап өткен. «Сіздің «Мәңгілік ел» идеяңыз - бұл өткен тарихтың, халық даналығының, саяси стратегия мен болашаққа деген сенімнің квитнэссенциясы. Бүгінде Қазақстан - әлемдік қауымдастықтың толыққанды мүшесі, мықты экономикасы, ауыз бірлігі мықты халқы мен болашаққа деген үлкен жоспарлары бар ел», - делінген құттықтауда.
«Біз Сіздің бейбітшілік және келісім, сенім және толеранттылық саясатыңыз әлемдік даму болашағының негізгі құндылықтары болып табылады деген сенімдеміз. «Нұрлы жол - Болашаққа бастар жол» жолдауы алда тұрған проблемаларды нақты атап, әлемдік процестерге деген ашық көзқарасын білдіріп, халықтың әл-ауқатын нығайту саясатын айқындады», - делінген құттықтау хатында.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері