- Басты
- Жаңалықтар
- Б.Байбек: «Нұрлы жол» - еліміздің алдағы онжылдығының тұрақты жоспары (Фото)
Б.Байбек: «Нұрлы жол» - еліміздің алдағы онжылдығының тұрақты жоспары (Фото)
Партия Төрағасының Бірінші орынбасары әуелі Талдықорған қаласындағы «Достық үйіне» ат басын бұрып, жергілікті ҚХА мүшелерімен кездесті. Облыс аумағында 103 этнос өмір кешеді. Бүгінде 70 этномәдени орталық жұмыс жасауда.
Кездесу барысында Партия Төрағасының Бірінші орынбасары Б.Байбек жаңа Жолдаудың басты құндылығын атай отырып, «Елбасының «Нұрлы жол» Жаңа экономикалық саясаты – бұл сынақтардан сүрінбей өтудің ғана жобасы емес, ол алдағы ондаған жылды қамтитын еліміздің сапалы дамуының кешенді жоспары, болашақтың инфрақұрылымына жасалған инвестиция», - деді.
Өз кезегінде, күрд, болгар, неміс және т.б. этномәдени орталықтардың өкілдері Елбасы Жолдауына қолдау білдіріп сөз сөйледі.
«Елбасы Жолдауын іске асыруда этномәдени орталықтардың рөлі бірнеше есе арта түсті. Мемлекет басшысы өз сөзінде: «Толысқандықтың жаһандық сынынан өту үшін біздің топтаса білуіміз қажет. Біз барлық қазақстандықтар арасындағы сенімді нығайтуға тиіспіз» дей отырып, Қазақстан халқының ынтымағын сақтауға шақырған еді. Тиісінше, этномәдени орталықтар қызметі ортақ шаңырағымыздағы тұрақтылықты сақтауға бағытталған», - деп атап өтті облыстық болгар этномәдени орталығының төрайымы Дарья Кравченко.
Бұл ретте, «Видергебурт» Талдықорған немістері қауымдастығының жастар қанаты лидері Егор Молодцов көпұлтты Қазақстанның инновациялық серпін жасап, әлемнің озық елдерінің қатарына енуі – тек қана ұлттық ынтымақты сақтауға байланысты екендігін айтты.
Есептік-сайлау конференциясы барысында партияның өңірлік Саяси кеңесінің құрамы жаңартылды. Мысалы, жаңа құрамда жастардың саны үш есеге, кәсіпкерлер екі есеге, әйелдер біржарым есеге көбейді. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі жандар қатарға алынды.
Сондай-ақ, конференцияда Алматы облысының әкімі Амандық Баталов «Нұр Отан» партиясының өңірлік филиалының төрағасы болып сайланды. Ол өз сөзінде жаңа бағдарламаның сәтті іске асырылуының негізінен аймақ халқының қолдауына байланысты екендігін жеткізді. «Қоғамның, партиялықтардың, әрбір азаматтың үлесі Президент бастамасын жемісті жүзеге асырудың кепілі болмақ», - деп ойын сабақтады А.Баталов.
Партияның Алматы облысы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Серік Мұқанов өңірлік филиал қызметі турасында баяндама жасады. Мысалы, облыс аумағында 100 мыңнан аса нұротандықтың басын қосқан 19 аумақтық филиал және 331 бастаушы партия ұйымы жұмыс атқаруда. Ағымдағы жылдағы мәліметтерге қарағанда, партия мүшелерінің 95%-ы жаңа үлгідегі партиялық билеттерді алып үлгерді.
Жиын соңында Б.Байбек азаматтық сектор өкілдері, кәсіпкерлер, өндірісшілер, жастар белсенділері және дәрігерлер мен мұғалімдерден құралған «Партияның 50 тұлғасы» жобасының өңірлік қатысушыларымен кездесті.
Жоба қатысушылары «Нұрлы жол» Жаңа экономикалық саясатының басым бағыттарын талқылап, Президенттің тапсырмаларын іске асыру бойынша өз ойларын ортаға салды.
-
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Тоқаев: Мақсатымыз - Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған өңірге айналдыру -
Еліміздің бес қаласында жаңа шектеу шаралары күшіне енді -
ШЫҰ-ға 20 жыл: Тұрақтылық пен өркендеу жолындағы ынтамақтастық -
«Нұрлы жол»: Жолдағы қызмет көрсету нысандары, ақылы жолдар және кадр тапшылығы -
Cалықтық декларациялау: тапсыру мерзімі, көрсетілетін деректер және іс-шаралар жоспары -
«Нұрлы жер»: 163 мың отбасы баспаналы болмақ -
ШОБ: Алдағы үш айда мемлекеттік қолдаудың жаңа шаралары күшіне енеді -
Қазақстанның 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму Жоспары: стратегиялық міндеттер, коронадағдарыс салдарын еңсеру шаралары