- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада ҚХА мен Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты меморандум орнатты
Астанада ҚХА мен Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты меморандум орнатты
«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Қазақстан халқы Ассамблеясының және Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің «Елбасы: қоғамдық келісім және этносаралық толеранттылық» тақырыбындағы кеңейтілген отырысы және «Қазіргі замандағы діліндегі этностылық және конфессионалдылық: әдістеме және зерттеу мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық семинары өтті», - делінген хабарламада.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған іс-шараларға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА Хатшылығының жетекшісі Ералы Тоғжанов, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Болатбек Абдрасилов және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Карин қатысты.
Аталмыш іс-шаралардың негізгі мақсаты – мемлекеттік этносаясат пен этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы зерттеулерді әдіснамалық, ғылыми-әдістемелік жетілдіру және кадрлармен қамтамасыз ету мәселелерін талқылау және айқындау. Сонымен қатар, бұл іс-шара Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында берілген ұлттық бірлікті қалыптастыру мен қоғамдық келісімді қамтамасыз ету және саяси тұрақтылықты нығайту бойынша тапсырмаларын орындау мақсатында ұйымдастырылған.
Іс-шара шеңберінде Қазақстан халқы Ассамблеясы және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты арасында меморандумға қол қою рәсімі өтті.
Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген Ғылыми-сарапшылық кеңесінің отырысы және халықаралық ғылыми семинар жұмысына жетекші шетелдік сарапшылар Байрам Балчи (Франция), Алишер Сабиров (Өзбекстан), Татьяна Дронзина (Болгария), Хуман Садри (АҚШ), Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері, ҚХА ҒСК-нің мүшелері, өңірлік ҒСТ-ның жетекшілері, облыстық ҚХА Хатшылықтарының және Достық үйлерінің өкілдері, сонымен қатар Астана, Алматы, Көкшетау, Семей, Шымкент, Павлодар қалаларынан қазақстандық ғалымдары қатысуда.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады