- Басты
- Жаңалықтар
- Павлодардың Инновациялық Еуразия университетінде форсайт саласының мамандары даярланады
Павлодардың Инновациялық Еуразия университетінде форсайт саласының мамандары даярланады
«Форсайттық зерттеулер саласының мамандарын даярлау Қазақстанда тұңғыш рет ашылайын деп жатыр. Олардың сұранысқа ие болуы мемлекеттік және аймақтық деңгейлерде де, өнеркәсіптік корпорациялар, жекелей кәсіпорындар деңгейінде де форсайттық болжам жасау жүйесін енгізумен негізделеді»,- дейді ИнЕУ-дің бірінші проректоры-инновациялық даму жөніндегі проректор, профессор Евгений Никитин.
Форсайт – бұл барынша экономикалық және әлеуметтік пайда әкелуге қабілетті стратегиялық зерттеулер мен технологиялар салаларын айқындау мақсатында ғылымның, экономика мен қоғамның ұзақ мерзімді келешегін көру әрекеті. Форсайт дамуы мүмкін жолдарын анықтауға және қызығушылық ілдірген тараптарды жұмылдыру арқылы 10-20 жыл ішінде мақсатқа жету үшін қажетті әрекеттер механизмін жасауға көмектеседі.
Шарт аясында МГУТУ маркетинг және форсайт кафедрасының меңгерушісі, профессор Вадим Третьяк университетімізге бірінші жұмыс сапарымен келіп кетті. Ол жаңа магистрлік бағдарлама бойынша оқу үрдісін жүргізетін оқытушыларға дәріс оқыды.Бұл форсайттың алдағы болжау технологиялары құралымындағы орны, оның мәні және дәстүрлі болжам жасаудан ерекшелігі туралы аудиториямен жүргізілген қызықты диалог болды.
Ал оның ерекшелігі мынады: форсайт қоғамның қызығушылық білдірген топтарының барлығына болашақты қалыптастыруға белсенді қатысуға, болып жатқан өзгерістер үрдісіне қатысатындардың әртүрлі бағыттағы, практикулярлық мүдделерін үйлестіруге, қызықтыратын құбылыстың дамуына көз жіберуге, болашақта басым болатын әлсіз белгілерді айқындауға және жаралып жатқан келешектің пиксельдік суреттерінің сценарийін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Форсайт маңызды мәселелерді шешуге мемлекет плюстерінің бірі ретінде азаматтық қоғамды жұмылдыру мүмкіндігін туғызады.
Сондай-ақ мәскеулік ЖОО-ның профессоры болашақ магистранттармен кездесіп, оларға форсайт саласындағы мамандарды даярлау бойынша оқу бағдарламасының құрылымы, аймақтың қандай да бір кәсіпорны, компнаиясының форсайттық зерттеуі негізге алынастын ғылыми диссертацияны дайындау және қорғау механизмі туралы айтты.
Форсайт саласындағы мамандар бүгінде аз, саусақпен санап алуға болады.
Ресейлік ЖОО профессоры, форсайт жүргізу әдістемесі бойынша екі оқу құралының авторы павлодарлық әріптестеріне қосдипломдық жаңа бағдарлама бойынша жүргізілетін пәндерден қолда бар жұмыстарын ұсынды.
-
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Edtech форумы: Білім беруде инновациялық технологияларды қолдану мәселесі талқыға түсті -
Тауарларды таңбалау: Сауда саласының көлеңкелі айналымын төмендетуге мүмкіндік береді -
Өнеркәсіп, көлік, құрылыс және ауыл шаруашылығы саласының дамуы
-
Бұқаралық спортты дамыту саласының проблемалары талқыланды -
Қ.Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты -
Қ.Тоқаев Жоғары еуразиялық экономикалық кеңес мүшелерінің жұмыс кездесуіне қатысты -
Қ.Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелерінің жұмыс кездесуіне қатысады -
Елордалық дәрігер: Президенттік үстеме ақы медицина мамандарын ынталандырады -
Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасын қабылдады -
ҚР Еңбекмині әлеуметтік және еңбек саласының 31 мемлекеттік қызметін көрсетуді бақылайды -
"100 жаңа есім" жеңімпазы: Әлемде аналогы жоқ инновациялық мата өндіремін