- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР БҒМ-де жемқорлыққа қарсы тұру мәселелері талқыланды
ҚР БҒМ-де жемқорлыққа қарсы тұру мәселелері талқыланды
«Селекторлық кеңеске Бас Прокуратура, Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы күрес істері жөніндегі агенттік, «Нұр Отан» партиясы, білім жән ғылым қызметкерлерінің кәсіби одағы өкілдері, Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен мекемелері басшылары, жоғарғы оқу орындары ректорлары, облыстық, Астана және Алматы қалалық білім басқармаларының басшылары қатысты», - делінген хабарламада.
Ә.Ғалымова өз баяндамасында Министрліктің жемқорлыққа қарсы күрес бойынша қызметі, соның ішінде, жемқорлыққа қарсы мәдениет, білім мен тәрбиені қалыптастыру, жемқорлық туралы заңнаманы жетілдіру, сондай-ақ жемқорлықтың белең алуының алғышарттарын азайту турасында әңгіме өрбітті.
«Министрлікте Жемқорлықпен күрес және мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік этиканы сақтауы бойынша комиссия жұмыс істейді. Қазақстан Республикасы жоғарғы оқу орындарында Жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша кеңес құрылған. Қазіргі таңда қоғамның араласуымен Министрлік жанынан Жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша қоғамдық кеңесті құру аяқталды»,- деп атап өтті өз сөзінде Жауапты хатшы.
Селекторлық тәртіпте білім саласындағы жемқорлық қылмысы ең көп таралған Ақмола, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облысы сияқты аймақтық білім басқармасы басшыларының баяндамалары тыңдалды.
Бас прокуратурның мәліметтері бойынша, 2014 жылдың 9 айында білім және ғылым саласында 247 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркеліп, соның ішінде 102 қылмыс бойынша айыптылар жазасын тартуда. Өзге қылмыстар бойынша іс әлі тергелу үстінде. 2 әкімшілік және 209 тәртіптік құқық бұзушылық жасалған.
2013 жылы барлығы сыбайлас жемқорлыққа қатысты 149 құқық бұзушылық тіркелген және жемқорлыққа қатысты қылмыстар саны шамамен 40% пайызға дейін артқан.
Құқық қорғау мекемелерінен шақырылған өкілдер жемқорлық қылмысы бойынша кешенді шаралар ұйымдастыру және оның алдын алу іс-шараларына бағдар жасай отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру бойынша өз ұсыныстарын айтты.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде -
Инфляцияға қарсы әрекет ету шаралары -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары