- Басты
- Жаңалықтар
- Елбасы Жолдауы – өзекті мәселелердің шешілу жолы
Елбасы Жолдауы – өзекті мәселелердің шешілу жолы

«Негізгі автожолдар жобасы жүзеге асырылмақ, оның ішінде өңіріміз үшін ең басты жаңалық Атырау-Астрахан жолы. Айта кету керек, республика бойынша жол құрылыстары арқылы жаңадан 200 мың жұмыс орны құрылмақ. Бұл дегеніміз, әлі де күн тәртібінен түспеген, дағдарыс салдарынан көптеген елдерде белең алып жатқан жұмыссыздық кеселінің жолын кесуге сеп болмақ. Жастарымыз еңбекпен қамтылып, екі қолға күрек табылады», - деді ол.
Толғағы жеткен өзекті проблемалардың бірі тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы мен көпшіліктің талқылауына түскен жаңа тұрғын үй бағдарламасы еді. Жаңа Жолдауда бұл түйіннің аз да болса шешілуіне ерекше назар қойылып, су, жылумен қамтамасыз ету желілері инфрақұрылымдарын жаңғыртып, тарифтердің айтарлықтай ұлғаюына жол бермеу үшін бюджетте қарастырылған қаржыға жыл сайын 100 млрд. теңге бағытталмақ, деді ол.
Ал, жалға берілетін тұрғын үй құрылысы қайта қаралып, баспананы тікелей, делдалдарсыз және несиеге барынша төмен пайызбен ұсыну оның сатып алу құнын арзандатуға мүмкіндік береді. Сондықтан 2015-2016 жылдар ішінде жалға берілетін тұрғын үй құрылысын қаржыландыру 180 млрд. теңге сомасында ұлғайтылмақ.
«Қай Жолдауын алмайық, Елбасы елдің ертеңгі тірегі – жастардың сапалы білім алып, олардың барлық жағдайын жасауды басты міндет деп шегелейді. Бұл жолы да әлеуметтік инфрақұрылым саласы шет қалған жоқ. Үш ауысымда оқытатын және апатты мектептер, балабақша тапшылығы проблемаларын шешу бағытына қыруар қаражат бөлініп, индустрияландыру бағдарламасы шеңберінде ғылымның экономика саласына мамандар дайындайтын 10 жоғары оқу орнының материалдық-техникалық базасы жаңартылмақ. Яғни, жастарға барлық мүмкіншіліктер көрсетілуде, тек сапалы білім алып, еліміздің болашағының өркендеуіне үлестерін қосуы міндет», - деп толықтырды департамент басшысы.
Экономикалық өсім мен жұмыспен қамтуды қолдау үшін 2014-2015 жылдары 500 млрд. теңгеден екі несие үлесі бойынша 1 трлн. теңге бөлу туралы шешім қабылданса, басталған жобаларды аяқтау үшін Ұлттық қордан 500 млрд. теңге көлеміндегі шарттармен берілетін несие үлесін, яғни екінші транш қаржысын шағын және орта бизнесті, ірі кәсіпкерлікті жеңілдікпен несиелеуге қосымша 100 млрд. теңге бөлінеді. Бұл тамақ, химия өнеркәсібін, машина жасаудағы жобаларды жүзеге асыруға бағытталмақ, деп атап өтті ол.
Міне, бұл алдағы іске асырылуы тиіс, әрі басты міндетті жұмыстар ақылдың ісі мен білектің күшімен орындалмақ. Еңсеретін асулар ел бірлігі мен этносаралық татулық, келісім арқылы алынбақ.
«Сондай-ақ, 2015 жыл ұлттық тарихи құндылықтарымызды ұлықтайтын, бүгінгі биіктерімізді бағалайтын мерейлі жыл болмақ. Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ата Заңымыздың 20 жылдығы - келер жылдың айшықты даталары. Тарихымызға үңілсек, қазіргі Қазақ елінің біртұтас ел болып қалыптасып, жеңістері мен жетістіктері «Бірлік қайда болса, ерлік сонда, еркіндік қайда болса, елдік сонда» деген даналық сөзді берік ұстанған ел бірлігі мен ұлтаралық татулығымен келді», - деп толықтырды ол.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі
-
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады
-
Өңірді дамытудың өзектілігі
-
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі
-
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын”
-
Шетелдердегі қазақтармен жұмыстың өзектілігі
-
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері
-
Президент жолдауынан басталған игі істер
-
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр
-
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары
-
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер
-
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды
-
Қазақстан архивтеріндегі өзекті мәселелер
-
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев
-
ШЫҰ-ға 20 жыл: Тұрақтылық пен өркендеу жолындағы ынтамақтастық

