- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжілісте ҚР-ның бірқатар заңнамалық актілеріне өзгертулер енгізу мәселесі талқыланды
Мәжілісте ҚР-ның бірқатар заңнамалық актілеріне өзгертулер енгізу мәселесі талқыланды
Отырысты заң жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі депутат Рамазан Сәрпеков жүргізіп, аталған комитет хатшысы Светлана Бычкова беташар сөзбен бастады.
ҚР Әділет министрінің орынбасары Зәуреш Баймолдина заң жобасы бойынша баяндама жасады.
Заң жобаларын талқылауға Әділет министрлігінің, ҚР Конституциялық Кеңесінің, Бас Прокуратураның, ҚР министрліктері мен ведомстволарының өкілдері, жоғарғы оқу орындары мен ғылыми қауымдастықтың, қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулысын іске асыруға бағытталған, онда «құқықтық акті» деген термин өзінің мазмұны жағынан «нормативтік құқықтық акті» деген терминнен кеңірек, ал Конституцияның «басқа құқықтық актілер» деген түсінік нормативтік сипаттағы да, көрсетілген белгілері жоқ өзге де актілердің барлығын қамтиды. Осыған байланысты Заң жобасында құқықтық актілер нормативтік құқықтық және нормативтік құқықтық емес актілер болып 2 топқа бөлінген.
Нормативтік құқықтық актілер ретінде қазіргі таңда қолданылып жүрген нормативтік құқықтық актілер мен олардың түрлерін қарау ұсынылады.
Нормативтік емес құқықтық актілер тобына нормативтік құқықтық актілерді ресми түсіндіру актілерін; жеке қолданылатын құқықтық актілерді;
Мемлекеттік басқару жүйесі саласындағы құқықтық актілерді жатқызу ұсынылады.
Заң жобасында заң жобалау қызметін жоспарлаудың жаңа нысанын – Заң шығару жұмыстарының Парламентті шақыру кезеңіне арналған тұжырымдамалық жоспарын енгізу ұсынылуда.
Мұндай жоспарлау қажеттігі іске асырылуына Мемлекет басшысының «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақаласында берілген тапсырмаларды іске асырудан шығып отыр.
Заң жобасында оның мақсатын заңнаманың тиімділігін бағалауға және болжауға қайта бағдарлай отырып, құқықтық мониторинг институтын жетілдіру ұсынылады.
Заң жобасында қажеттігі бағдарламалық құжаттармен, сондай-ақ қолданыстағы тәжірибемен айқындалған «шоғырланған заң», «заң жобасының тұжырымдамасы», «заң ұқсастығы», «құқық ұқсастығы», «номативтік құқықтық актінің заңдық күші» деген кейбір терминдер мен анықтамаларды енгізу ұсынылады.
Заң жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды.Заң жобасын іске асыру республикалық бюджеттен қосымша қаржы шығындарын бөлуді көздемейді.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Edtech форумы: Білім беруде инновациялық технологияларды қолдану мәселесі талқыға түсті -
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
Биліктегі 2 жыл: несие амнистиясы, жер мәселесі және саяси-әлеуметтік реформалар -
Маңғыстау облысының дамуы: Туризм, ауыл шаруашылығы, инвестиция және ауыз су мәселесі -
Азаматтық авиация: Ұшу қауіпсіздігі, әуежайларды жаңғырту және маман тапшылығы мәселесі -
Түркістан облысының дамуы: Инвестиция, зауыттардың құрылысы, туризм және жол мәселесі -
Алматы облысының дамуы: Денсаулық, білім саласы, ШОБ және газдандыру мәселесі