- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық және ресейлік жазушылар Мәскеуде бас қосты
Қазақстандық және ресейлік жазушылар Мәскеуде бас қосты
Кездесуді ашқан Ресейдегі Қазақстанның Төтенше және Уәкілетті елшісі Марат Тәжин бастамаға қолдау көрсеткен барлық қатысушыларға ризашылығын білдірді.
«Әдеби сын рөлінің әр кезеңде өзгеріп отырғаны осында отырған баршаңызға жақсы таныс. Бізге жаһандық міндеттерді шешуде күресу өте қиын, дегенмен әдеби сын мәселелері туралы пікірталас қандай да бір прагматикалық шешімдермен аяқталуы мүмкін», - деп атап өтті Марат Тәжин.
Ол Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Астанада әлемдік және дәстүрлі діндердің 2-ші Съезінде айтқан сөзін еске салды: «Бір мәдени дәстүрдің өз құндылықтарын басқа мәдениеттерге таңуы ешқашан өзара түсністікке алып келмейді, керісінше, қатал мәдени экспансияға соншалықты қатал қарсылық білдіріледі, сондықтан басқа халықтың тарихи дәстүрлеріне құрметпен қарау, өркениетке, діндер мен халықтарға қатысты әділдік пен шынайылық қана келісім мен рухани бейбітшілікті қалыптастыруға қабілетті».
Оның пікірінше, диалогтың тағы бір тақырыбы қазақ тілінен орыс тіліне және орыс тілінен қазақ тіліне аудару мәселесі болып отыр.
Ведомствода атап өткендей, тәжірибелік қадамдардың бірі ретінде Марат Тәжин қазақстандық-ресейлік әдеби альманах басып шығару ойымен бөлісті. Ол әдеби ғана емес, жалпы мәдениеттану диалогына негіз болар еді. Сонымен қатар ол «Литературная газета» басылымына жылына 2-3 рет заманауи қазақ әдебиетіне кәсіби шолу жариялау туралы ұсынысын айтты.
Өз кезегінде «Литературная газета» басылымының бас редакторы Юрий Поляков екі тілде қазақстандық-ресейлік альманах шығару және аударма жүйесін қалпына келтіру идеясын қолдады. «Бүгінгі, асырып айтқандық болмас, тарихи оқиғаны жазушылар қауымдастығы ширек ғасыр бойы күткен еді», - деп мәлімдеді Ю. Поляков.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады