- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорданың жастары инновациялық жобаларын таныстырды
Қызылорданың жастары инновациялық жобаларын таныстырды
Алдымен форум қонақтары мен делегаттары талантты жастардың инновациялық жобалар жәрмеңкесін тамашалады. Көрмеге жастар өздерінің ойлап тапқан тың туындыларын әкелді.
Форумды ашқан облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жастарды құттықтай келе, олардың бастамасын құптауға әрқашан дайын екендігін айтты.
« Сіздердің ұсыныстарыңызды ескере отырып, өңірімізде жастар саясатын дамыту бойынша 2014-2015 жылдарға арналған «Жол картасын» қабылдадық. Ендігі кезекте, жастар кәсіпкерлігін дамытудың облыстық Жол картасын қабылдау жоспарлануда. Облысымызда 2 жылда «Алтын белгі» иелерінің саны 2 есеге артты. 54 мектеп оқушысы Президенттік, халықаралық, республикалық олимпиадалардың жүлдегерлері атанды. Елбасының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Жасыл Ел» және жастар құрылыс жасақтары сарбаздарының саны да 2 есеге өсіп отыр. Бұның барлығы - өңірімізде мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру мақсатында атқарылып жатырған жұмыстардың жемісі, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Форум аясында облыс көлемінде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда белсенділік танытып жүрген үздік қоғамдық ұйымдар, әріптестік байланыс орнатуға үлесін қосқан әкімдіктер мен оқу орындары облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.
Сондай-ақ, жастар Елбасымен бірге жаңа белестерге ұмтылуға шақырған Үндеу қабылдады.
-
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Шетелдегі қандастармен мәдени-гуманитарлық байланыс, білім гранттары және қазақ жастарының клубы -
Edtech форумы: Білім беруде инновациялық технологияларды қолдану мәселесі талқыға түсті -
«Тәуелсiздiк ұрпақтары» және «Профнавигация» жобаларының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
НҚА жобаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамасын кімдер және қалай жүргізеді -
Сенат: Заң жобаларын қоғамдық талқылау тәсілдері кеңейтілмек -
Үгіт-насихат жұмыстары: кандидаттар өңірлерде бағдарламаларын таныстырды -
«ADAL» саяси партиясы сайлауалды бағдарламасымен таныстырды -
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жаңа құрылғымен таныстырды -
Білім және ғылым министрі Білім күнінің сценарийімен таныстырды -
Қайрат Мәми «Ата Заң» туралы жинақтар мен пошта маркаларын таныстырды -
Қазақстанда мемлекеттік бағдарламамен үй алу қалай жүріп жатыр -
"Bolashaq" қауымдастығы "Жастар және инновация" және "Bolashaq Books" жобаларын жүзеге асырады -
Мал шаруашылығын дамыту жобаларына басымдық беріледі