- Басты
- Жаңалықтар
- «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының мақсатты индикаторлары орындалды – ДДСҰ
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының мақсатты индикаторлары орындалды – ДДСҰ
Семинар-кеңестің басты мақсаты – 2011-2015 жылдарға есептеліп, іске асырылып жатқан «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бағалау, сондай-ақ, 2016-2020 жылдарға есептелетін денсаулық сақтау саласын дамытудың жаңа ұлттық бағдарламасын әзірлеуге ұсыныстар жинау.
Семинарға ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі Салидат Қайырбекова, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) Еуропалық бюросының бөлім директоры Агис Цурос, ДДҰ Қазақстандағы тұрақты өкілі Мелита Вуйнович, ДДҰ бағдарламалық менеджері Джоанна Ханефелд, ЮНИСЕФ, ЮСАИД, ЮНОДС сияқты халықаралық ұйымдардың, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың және республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының өкілдері қатысты.
«Халық денсаулығының деңгейі елдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және индустриялық даму шегін анықтайды. Тұрғындардың әл-ауқатының тұрақты және орнықты дамуы тұрғысынан алғанда денсаулық сақтау саласы бірыңғай дамыған, әлеуметтік бағдарланған жүйе болып табылады. Және ол медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз етуге арналған республикадағы басым бағыттардың бірі», - деп атап өтті С. Қайырбекова.
ДДҰ өкілдері өз кезегінде, Қазақстан соңғы жылдары денсаулық сақтау саласында елеулі жетістіктерге қол жеткізіп, «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының барлық мақсатты индикаторлары орындалғанын айтты. Енді 2016-2020 жылдарға есептелген денсаулық сақтау саласын дамытудың жаңа ұлттық бағдарламасын әзірлеуге кіріседі. Жаңа бағдарлама «Денсаулық -2020» ғаламдық мақсаттарына жетуді көздейді.
-
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
АҚШ-та балалар арасында коронавирус көбеюде, ал ДДСҰ COVID-19-ға қарсы 3 препаратты сынақтан өткізбекші -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев