- Басты
- Жаңалықтар
- Елордада «Астана ЭКСПО-2017» кешенін дамыту мәселелері бойынша Жол картасына қол қойылды
Елордада «Астана ЭКСПО-2017» кешенін дамыту мәселелері бойынша Жол картасына қол қойылды
Күн тәртібіне сәйкес ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесін ұйымдастыру және өткізу бойынша өзара әрекеттестік мәселелері талқыланды.
Ұлттық компания «Астана ЭКСПО-2017» көрме кешенінің құрылысымен, контентпен және қатысушыларды шақырумен айналысатыны белгілі. Астана әкімдігі қонақтарды қабылдауға қаланы дайындау, сәйкесінше қаланың қонақ үйлері мен басқа да инфрақұрылымдарын дайындауды жүргізеді.
Кездесу кезінде қала әкімі мен ұлттық компания басшысы ары қарайғы ынтымақтастықтың егжей-тегжейлі жоспарын талқылады. Ә. Жақсыбеков өз сөзінде, Ұлт Көшбасшысы тапсырған міндеттерді, тығыз қарым-қатынаста орындау қажеттігін атап өтті.
«Біздің әрекеттеріміз, инженерлік желілерді, жолдар мен нысандарды салуда, бір сөзбен айтқанда ЭКСПО көрме кешенінің қатысты барлық мәселелер бойынша үндесіп жұмыс істеуге бағытталуы тиіс», - деді әкім.
Кездесу қорытындысы бойынша тиісті Жол картасы қабылданды. Онда көрме кешені нысандарын салу, инженерлік-көлік инфрақұрылымын, қалалық және қоғамдық көлік жүйесін, туризмді дамытуға қатысты мәселелер қарастырылған.
Сондай-ақ, бағдарлама құжатында көрме қонақтарының қауіпсіздігін және жайлы орналасуын қамтамасыз ету бойынша нақты шаралар белгіленген. Іс-шаралар жоспарының үлкен тарауы еріктілер қызметін ұйымдастыру және ЭКСПО-2017 көрмесін ілгерілетуге бағытталған.
Тараптар ЭКСПО-2017 көрмесін ұйымдастыру және өткізу бойынша ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ, осындай кездесулерді тұрақты түрде өткізуге келісті.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда