• Басты
  • Қазақстан мен Өзбекстанның көптеген аспектілер бойынша ұстанымдары өзара ұқсас - Назарбаев
25 Қараша, 2014 16:15

Қазақстан мен Өзбекстанның көптеген аспектілер бойынша ұстанымдары өзара ұқсас - Назарбаев

Астанада Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы Президенттері келіссөздерінің қорытындысына арналған бірлескен брифинг өтті, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан мен Өзбекстанның көптеген аспектілер бойынша ұстанымдары өзара ұқсас - Назарбаев | Strategy2050.kz

Қазақстан Президенті келіссөздер аясында кең ауқымды мәселелер талқыланғанын айтты.

«Олардың қатарында өзара саяси іс-қимылды, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері бар. Біздің өңірдегі ахуал мен айналамызда болып жатқан  оқиғалардың дамуына қатысты байыпты, ашық әрі сенімді пікір алмасу болды. Біздің қадамдарымыз көптеген аспектілер бойынша сәйкес келетіндігі қуантатынын атап өткен жөн. Бұл өңірдегі су мәселесіне де қатысты. Осынау аса маңызды саладағы ынтымақтастық тек өзара сенім негізінде ғана мүмкін болмақ. Сондай-ақ транспаренттілікті және өңірдің бірде-бір елін қалыс қалдырмастан, мүдделерін ескеруді қамтамасыз ету қажет», – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық күн тәртібіндегі негізгі тұстар қарастырылғанын атап өтті.

«Біз Украинадағы, Ауғанстандағы, Сирия мен Ирактағы жағдайды талқыладық. Қазақстан мен Өзбекстан бірін-бірі халықаралық аренада бұдан әрі де қолдауға ниетті. Бірлескен, соның ішінде БҰҰ, ЕҚЫҰ, ТМД, ШЫҰ, АӨІСШК, ИЫҰ және басқа да құрылымдар аясындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға белсене қатысатын боламыз. Халықаралық лаңкестік пен діни экстремизмге қарсы бірлесіп қарсы тұруымыз да маңызды болып қала береді», – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың перспективаларын өзара сауданың орнықты өсімі байқатып отырғанына назар аударды.

«Тауар айналымының ұдайы өсімі осының жарқын айғағы болып саналады. 2005 жылдан 2013 жылға дейін ол 4 есеге өсіп, 2 миллиард доллардан асты. Ал 9 айда бір жарым миллиард доллардан асып үлгерді. Мұндай қарқын екі мемлекет экономикаларының орнықты өсімі мен жалпы өңірдегі ынтымақтастықтың нығаюына байланысты. Біздің тапсырмамызбен құрылған Іскерлік кеңестің бірінші отырысын өткізу де маңызды болып отыр», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті И.Кәрімовтің сапарының қорытындысы екі елдің қарым-қатынастарын стратегиялық серіктестіктің жоғары сапалы деңгейіне шығаратынына сенім білдірді.

Өз кезегінде Өзбекстан Президенті ашықтық пен сенім рухында өткен келіссөздер қорытындысына қанағаттанатынын жеткізді. Ол сондай-ақ бұл кездесу екіжақты қатынастардың және өңірлік ынтымақтастық пен халықаралық саясаттың негізгі бағыттары бойынша іс жүзінде талқыланған барлық мәселелер бойынша ұстанымның жақын екендігін көрсеткеніне тоқталды.

И.Кәрімов заманауи сын-қатерлер Қазақстанның да, Өзбекстанның да стратегиялық мүдделеріне тікелей ықпал ететінін айтты

«Бұл жағдай бізден бейбітшілікті, тұрақтылық пен елдеріміздегі және жалпы өңірдегі тыныштықты сақтауды, ұлттық экономикалардың орнықты дамуы мен халықтардың әл-ауқатын арттыру үшін барынша тығыз ықпалдасуды талап етеді. Ауғанстандағы ахуалдың тезірек тұрақтануы және осы елде бейбітшілік орнауы Орталық Азия өңірі мен оның айналасында қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін шешуші мәнге ие», – деді Өзбекстан Президенті.  

Сондай-ақ,  ол мейлінше тиімді ықпалдастықтың арқасында екі ел арасындағы тауар айналымы қарқынды өсіп жатқанына тоқталды.

«Тәуелсіздік кезеңінде Қазақстан экономикасының құрылымында жүзеге асқан өзгерістер жаңа салалардың қалыптасуына ықпал етті. Сіздің елдегі экономиканың өсу қарқыны соңғы жылдары 5-6% кем емес, бұл – елеулі өсім. Өзбекстан экономикасының да қарқынды өсімін ескерсек, біз өзара тауар айналымын ұлғайтуға, екі елдің орнықты экономикалық өсімін қамтамасыз етуге қажетті зор мүмкіндіктерге ие болып отырмыз», – деді И.Кәрімов.

И.Кәрімов тараптар мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты әрі қарай дамытуға уағдаласқанын, бұл халықтарды жақындастырудың маңызды факторы болып саналатынын да атап өтті.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша төмендегідей құжаттарға қол қойылды:

– 1997 жылғы 2 маусымдағы Өнеркәсіптік меншіктерді қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама;

– ҚР СІМ мен ӨР СІМ 2015-2016 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасы.

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды