- Басты
- Жаңалықтар
- Ақмола облысында Индустрияландыру картасы аясында 855 жұмыс орны ашылады
Ақмола облысында Индустрияландыру картасы аясында 855 жұмыс орны ашылады
Аталып өткендей, Ақмола облысында Индустрияландыру картасы аясында ағымдағы жылы жалпы құны 37 млрд теңге болатын 15 жобаны іске қосып, 855 жұмыс орнын ашу жоспарланған.
Ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша 5 жоба іске қосылды. Олар: Шортанды ауданындағы «Полимер Пласт» ЖШС полиэтилен өнімінің өндірісі, жоба құны 161 млн теңгеден асып жығылады, ал жобалық қуаттылығы жылына 1500 тонна өнім өндіруге жетеді және 37 тұрақты жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар, Целиноград ауданында «Жаңа Сервис - 2007» ЖШС газаблок өндіретін зауытты іске қосты. Жоба құны 226 млн теңге, ал жобалық қуаттылығы жылына 60 мың текше метр және 75 тұрақты жұмыс орны ашылды. Бұдан басқа, «РегионСтрой» ЖШС үйқұрылысы комбинатын ашты. Жоба құны 1 млрд теңге, ал жобалық қуаттылығы жылына 50 мың шаршы метр және 41 тұрақты жұмыс орны ашылды. Сондай-ақ, Көкшетау қаласында «AgroTrading - 2007» ЖШС құрама жем зауытын іске қосты. Жоба құны 1265 млн теңге, ал жобалық қуаттылығы жылына 40 мың тонна өнім және 27 тұрақты жұмыс орны ашылды. Айта кетерлік жайт, зауыт жобалық қуаттылығына 2019 жылы шығады. Соңғы жоба – Бұланды ауданындағы «ТрансТехМаш» ЖШС кесілген ағаштарды өңдеу және қайта өңдеу өндірісі. Жоба құны 400 млн теңге, ал жобалық қуаттылығы жылына 300 мың дана өнім және 5 000 текше метр тақта. Онда 70 тұрақты жұмыс орны ашылды және зауыт жобалық қуаттылығына 2015 жылы шығады.
Бұдан басқа, жыл соңына дейін жалпы сомасы 33,9 млрд теңге болатын және 645 жұмыс орнын ашуға сетігін тигізетін 10 жобаны іске қосу көзделген.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Шетелдердегі қазақтармен жұмыстың өзектілігі