Қарағандыда алғаш рет «Жыл әдіскері» атты республикалық байқауы өтті

26 Қыркүйек, 2013 14:19
Кеншілер шаһарында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының» бастамасымен алғаш рет «Жыл әдіскері» атты республикалық байқау өтті, деп хабарлайды облыстың ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметі.

«Үстіміздегі жылы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының»  бастамасымен алғаш рет «Жыл әдіскері» атты республикалық байқау өтті», -  деп  жазылған хабарламада.

Хабарламада айтылғандай, әдіскерлердің біліктілігі мен шығармашылығын  арттыруға  арналған байқау бес  бағыт бойынша жүзеге асырылды.

Алғашқы «сырттайғы»  кезеңде «портфолио» мен «үй тапсырмасы» бойынша  үміткерлердің жұмыстары байқалды. Кейінгі кезеңдерде қатысушыларға әдіснамалық тапсырмалар, соның қатарында ғылыми-тәжірбиелік мақалаларға пікір жазу, заманауи  білім беру жайлы  баяндаманы  қорғау мен әдіснамалық шараларды өткізу  технологиясынан бақ сынасты.

Айта кету керек, байқаудың республикалық кезеңі ағымдағы жылдың қазан  айында Алматыда өтеді.

 

 

Барлық жаңалықтар