• Басты
  • Жаңалықтар
  • Атбасарда су тасқынынан зардап шеккен 45 отбасы пәтерге ие болды – әкімдік (Фото)

Атбасарда су тасқынынан зардап шеккен 45 отбасы пәтерге ие болды – әкімдік (Фото)

25 Қараша, 2014 15:18
Атбасарда су тасқынынан зардап шеккен 45 отбасы бүгін жаңа пәтерге ие болды, деп хабарлады Ақмола облысының әкімдігі.

«Бүгін пайдалануға 45 пәтерлі екінші көпқабатты үй тапсырылды. Жаңа пәтер кілттерін Ақмола облысы әкімінің орынбасары Қадірхан Отаров табыстады», - делінген хабарламада.

Бүгінгі таңда 209 жапа шеккен отбасының ішінен 119 отбасы пәтерге ие болды. Сондай-ақ, желтоқсан айының соңында тағы екі 45 пәтерлі баспананы тапсыру жоспарланған.

Әкімдікте хабарлағандай,республикалық бюджет пен облыстық қаржыдан ТЖ-ны жою аясында 2 млрд 169 млн теңге бөлінді. Бөлінген қаржыны игеру 99,4 пайызды құрады. Аталмыш қаржы медициналық  оқу орны  жатақханасының жөнделуі мен 45 пәтерлі үйдің құрылысына, аула абаттандырылуына, жол-көлік жүйесінің жөнделуіне, мектептің инженерлік-қалпына келтіру жұмыстарды қалпына келтіру қондырғыларын сатып алуға бағытталды. 

Барлық жаңалықтар