- Басты
- Жаңалықтар
- «Самұрық-Қазына» АҚ тәуелсіз ұлттық әл-ауқат қорлары Халықаралық форумының (IFSWF) ресми мүшесі болып қабылданды
«Самұрық-Қазына» АҚ тәуелсіз ұлттық әл-ауқат қорлары Халықаралық форумының (IFSWF) ресми мүшесі болып қабылданды
Құжатқа «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Өмірзақ Шөкеев пен форумның Төрағасы Бадер Мұхаммед Әл-Саад қол қойды.
«Бұл ұйым бүкіл әлемдегі барлық тәуелсіз қорлардың жұмысына мониторинг жасап, саралап отырады. Форум аясында екі жақты кездесулер өткізіліп, бірлескен жобаларды жүзеге асыру жайы талқыланады. Компаниялар бірін-бірі тәуекелі барынша аз салаларда әріптестікке шақырады. Сол себепті «Самұрық-Қазына» АҚ-на тәуелсіз қорлардың Халықаралық форумына қабылдану зор мәртебе»,- деп «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Өмірзақ Шөкеев айтты.
«Самұрық-Қазына» АҚ Форумның 26-шы мүшесі атанды. Ресми мүшелікке қабылданған «Самұрық-Қазына» АҚ енді Форумның жыл сайынғы отырыстарына қатыса алады. Тәуелсіз әл-ауқат қорларының халықаралық жүйесіне қол жеткізіп, форум мүшелерінің озық тәжірибелерін зерттеуге мүмкіндік алады. Форум Хатшылығы тарапынан қолдау табады.
Форум – сингапурлық «Temasek Holdings», малайзиялық «Khazanah Nasional», «Қытай Инвестициялық Корпорациясы», ресейлік «Ұлттық әл-ауқат қоры», қатарлық «Qatar Investment Authority» және т.с.с әлемнің жетекші 25 әл-ауқат қорын біріктіретін элиталық клуб. Оған тек қаржылық ахуалы тұрақты, корпоративтік басқару жүйесі ашық та айқын, жұмысының тиімділігі жоғары қорлар ғана мүшелікке қабылданады. Жоғарыда аталған негізгі талаптар Сантьяго қағидаларына топтастырылған.
Бұдан бөлек, Форумға қатысушыларды сол күні Қатар әмірі Шейх Тамим бин Хамад Әл-Тани қабылдады.
«Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Қатар инвестициялық қорының құрамындағы бірқатар компаниялардың өкілдерімен іскерлік кездесулер өткізді. Тараптар балама қуат көздері мен тау-кен саласындағы әріптестік мәселелерін талқылады. «Самұрық-Қазына» АҚ активтерінің картасын таныстыру барысында Қатар инвестициялық қорының өкілдері жекешелендіру бағдарламасы аясында бірқатар нысандар мен активтерді сатып алуға қызығушылық танытты», - делінген хабарламада.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы