- Басты
- Жаңалықтар
- Үкіметаралық комиссия отырысында Байқоңыр мәселесі талқыланды (Фото)
Үкіметаралық комиссия отырысында Байқоңыр мәселесі талқыланды (Фото)
Комиссия отырысында тараптар Байқоңыр қаласы мен Ақай, Төретам елді мекендерін дамыту, ондағы әлеуметтік саланы жандандыру, «Байқоңыр» кешенін бірлесіп пайдалану бойынша Жол картасының орындалу барысы талқыланды. Айта кетейік, осы жиында «Протон-М» зымыран-тасымалдағышының ұшуын азайту мәселесі сөз етілді. Бастысы, Байқоңыр қаласында Қазақстанның экологиялық кодексі қолданылатын болды. Сондай-ақ, жұлдызды қалашықтағы 6 қазақстандық мектеп өзіміздің білім беру стандартына көшеді.
«Байқоңырда тұратын 70 мыңнан астам халықтың 65 пайызы қазақстандық азаматтар. Білім беру, денсаулық сақтау салалырында мәселелер болды. Осы жиын барысында оң шешім табуға қол жеткіздік. Енді ортақ жоба әзірлеп, желтоқсан айында өтетін екі ел президенттерінің басқосуында тиісті шешім қабылданатын болды», - деді ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Б.Сағынтаев.
Басқосуда «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенінің бірлескен жобасы талқыланып, Байқоңыр кешені бойынша Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясы туралы ережеге қол қойылды. Тараптар «Байқоңыр» космодромынан зымырандарды ұшыру барысында апаттар орын алған жағдайда өзара әрекет ету мәселелеріне, жер телімдерін қолдану және Байқоңыр қаласының статусына қатысты халықаралық келісімдерге қол қою туралы мәмілеге келді. Кездесу нәтижесінде тараптар Қазақстан мен Ресей ғарыш саласында ынтымақтастықты әрі де тереңдете түсуге ынталы екенін атап өтті.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Сайлау-2021: Бақылау комиссиясы қорытынды жасады -
Үкімет отырысында Тоқаев қандай тапсырмалар берді -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Сайлау-2021: Кандидаттарды ұсыну тәртібі, кезеңдері және комиссия өкілеттерін нақтылау мәселелері -
Edtech форумы: Білім беруде инновациялық технологияларды қолдану мәселесі талқыға түсті -
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
Биліктегі 2 жыл: несие амнистиясы, жер мәселесі және саяси-әлеуметтік реформалар -
Маңғыстау облысының дамуы: Туризм, ауыл шаруашылығы, инвестиция және ауыз су мәселесі