- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев РФ Мемлекеттік Думасының төрағасы С.Нарышкинмен кездесті
Н.Назарбаев РФ Мемлекеттік Думасының төрағасы С.Нарышкинмен кездесті
Кездесуде парламентаралық ынтымақтастықты нығайтудың негізгі жолдары талқыланды.
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасы қарқынды дамып келе жатқанына тоқталды.
«Сауда жөнінен белгілі бір қиындықтар бар, өйткені елдеріміздің импорттық және экспорттық тауарлары құнының төмендеуі байқалуда. Соған қарамастан, нақты көлем бәрібір ұлғайып, интеграциялық үдерістер нығайып келеді, бірлескен кәсіпорындар ашылып жатыр. Осының барлығы біздің елдеріміздің ықпалдастығының біртіндеп дамып келе жатқандығын білдіреді», – деді Қазақстан Президенті.
С.Нарышкин Астанаға «Президент. Парламент. Интеграция» атты конференцияға қатысу үшін келгенін айтты.
«Бұл – елдеріміздің қазіргі негізгі бағдары, біздің болашағымыз. Мұның Сіздің идеяңыз екенін, 1994 жылы ММУ-де оқыған дәрісіңіз кезінде ТМД елдерінің нақ осындай геосаяси жолын Сіздің белгілеп бергеніңізді біз ұмытпаймыз және бағалаймыз», – деді РФ Мемлекеттік Думасының төрағасы.
Сондай-ақ тараптар екі елдің заң шығарушылары арасындағы диалогты одан әрі дамыту қажеттігіне тоқталды.
-
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
Қандай білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді -
Қаржы саласы: Бюджетті жоспарлау, мемлекеттік сатып алуды жетілдіру және цифрландыру шаралары -
Қаржы министрлігі: Бюджет шығыстары мен кірістері, мемлекеттік активтерді басқару және мемлекеттік аудит -
Тоқаев ДДСҰ-ның Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен кездесті -
31 мамыр: Саяси құрбандарды ақтау, мемлекеттік комиссия жұмысы және әлеуметтік төлемдер