- Басты
- Жаңалықтар
- Қарағанды облысында жемқорлыққа қарсы күрес туралы мәселе талқыланды
Қарағанды облысында жемқорлыққа қарсы күрес туралы мәселе талқыланды
26 Қыркүйек, 2013 13:53
Қарағанды облысында облыс әкімі Бауыржан Әбішевтің төрағалығымен жемқорлыққа қарсы күрес туралы аймақтық комиссияның кезекті отырысы болып өтті, деп хабарлайды облыстың әкімдігінің баспасөз қызметі.
Отырысты ашқан облыс басшысы жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму мен инвестиция тартуды тежейтінін, мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ете отырып елдің болашақ дамуына үлкен кесірін тигізетінін айтты.
«Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қойған тапсырмалары бүгінде біз үшін өте маңызды», - деді Бауыржан Әбішев.
Бұдан бөлек бірқатар аудан әкімдерінің осы мақсатта қандай жұмыстар атқарылып жатқандары айтылды.
Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алудағы құқық бұзушылық мәселесі де әңгіме арқауы болды.
Отырыс қорытындысы бойынша облыс басшысы аудан және қала басшыларына мемлекеттік сатып алуды өте мұқият қадағалауды тапсырды.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері