• Басты
  • Жаңалықтар
  • Чехия Президенті Астананың орталығын әуежаймен және «ЭКСПО-2017» байланыстыратын теміржолды салуды ұсынды

Чехия Президенті Астананың орталығын әуежаймен және «ЭКСПО-2017» байланыстыратын теміржолды салуды ұсынды

24 Қараша, 2014 17:37
Чехия Республикасының Президенті Астананың орталығын әуежаймен және «ЭКСПО-2017» байланыстыратын теміржолды салуды ұсынды. Бұл туралы ол Астанада өткен Қазақстан-Чехия бизнес- форумында мәлімдеді.

«Біз Астананың орталығын әуежаймен және «ЭКСПО-2017» байланыстыратын теміржолды салуды ұсынамыз. Мен Астанаға келгенде әуежайдан бірден ЭКСПО-ға жете аламыз дегенге шынымен сенгім келеді», - деді М.Земан Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен сұхбаттасу барысында.

Осы ретте ЧР Президенті өзгеде өзара тиімді ұсыныстарының бар екенін жеткізді.

«Өзгеде ұсыныстар бар. Олар Қазақстанды индустрияландыруда көмек көрсете алады. Мәселен DART жүк тасымалдағыштары. Алайда үлкен арақашықтыққа жүк көлігінен гөрі ұшақтар керек. Сонымен қатар біз заманауи ұшақтар бере аламыз. Менің білуімше Қазақстанда бұл салада тәжірибе жеткілікті», - деп толықтырды Чехия Республикасының Президенті.

Өз кезегінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев чехиялық тарапқа өз өндіріс ошақтарын Қазақстанға көшіруді ұсынды.

«Біз сіздерге  өндірістеріңізді Қазақстанға көшірулеріңізді ұсынамыз. Осы ретте сіздер өздеріңізге Орталық Азия, Ресей, Батыс Қытай нарығының есіктерін ашасыздар. Мәселен жүк көлігінің өндірісі, сіздер оны осында құрастырып саудалай аласыздар. Бізде әлемдек деңгейдегі ірі кәсіпорындар ауылшарушылығы техникасын құрастырып, саудалайды», - деді Н.Назарбаев.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар