Н. Назарбаев: Чехия Шығыс Еуропадағы Қазақстанның маңызды серіктесі

24 Қараша, 2014 16:41
Чехия Шығыс Еуропадағы Қазақстанның маңызды серіктесі, деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан-Чехия бизнес форумында.

«Көптеген әлемдік оқиғалардың дамуына қатысты біздің елдеріміздің көзқарасы ортақ. Чехия біз үшін Еуропадағы маңызды сауда серіктес болып саналады әрі соңғы жылдары экономикалық қатынастардың қарқыны өсіп келе жатқаны байқалады», - деді Елбасы.

«Белгілі болғандай сіздің елде машина жасау саласы қарқынды дамыған, ол біз үшін өте қажет. Бірлескен кәсіпорындарды ашу мүмкіндігін неге қарамасқа?Қазақстанда жұмыс істейтін чех  кәсіпорындары КО аясында  Ресей, Беларусь елдерінің нарығына кедергісіз шыға алады»,  - деді Елбасы Чехия Республикасының Президенті Милош Земанға.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы осыған дейінгі Қазақстан-Чехия бизнес-форумынан кейін 2 жыл өткендігін айтты.

«Біздің ынтымақтастығымыз дамуда. Тауар айналымы көлемі мен Қазақстанға келетін чештік машина жасау өнім көлемі артты. Өткен жылы оның көлемі 450 млн долларды құрады. 2005 жылдан бастап Қазақстанға келген тікелей чех инвестициясы 200 млн долларды құрады. Бұл аз көрсеткіш емес, бірақ аса көп те емес», - деді Президент.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар