- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО-да сүт өндірісі мен қайта өңдеудің «Жол картасы» жасақталады
ШҚО-да сүт өндірісі мен қайта өңдеудің «Жол картасы» жасақталады

Өскеменде Елбасының «Нұрлы жол» халыққа Жолдауының негізгі 7 бағыты талқыланды. Агроөндірістік кешеннің дамуына ерекше көңіл бөлінді.
Аймақ басшысы облыс әкімінің орынбасары Нұрлыбек Шерубаевқа қала және аудан әкімдерімен бірлесіп сүт өндірісі мен қайта өңдеу бойынша «Жол картасын» жасақтауды тапсырды. Ал жұмыс тобына мал шаруашылығының сүт өндірісін дамыту инвестициялық жобалар бойынша қарыз алушылардың өндірістік қаржылай әлеуетін бағалауды міндеттеді, делінген хабарламада.
Сонымен қатар, құрылыс және ауылшаруашылығы басқармаларына сүт-тауар фермасының типтік үлгісін жасақтау тапсырылды.
Сонымен ШҚО әкімі Д.Ахметовтың айтуынша, 2014 жылы АӨК жалпы сомасы 11,2 млрд теңге болатын 152 ірі және шағын жобаларды жүзеге асыру көзделген. Олардың 61 «ҚазАгро»АҚ желісі бойынша. Бүгінде 108 жоба немесе 71%-ы жүзеге асырылған.
Айта кетерлік жайт, экономиканың маңызды сектроы ауылшаруашылығын дамыту «Агробизнес 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жалғасады. Барлық қаржы көздері бойынша 2014 жылы АӨК дамыту үшін 32 млрд теңгеден астам қаржы тартылады, олардың 13 млрд теңгеден астамы субсидия түрінде.
Келелі кеңесті қорытындылай келе аймақ басшысы экономикалық өсімді экологиялық өсімсіз қарастыра алмайтынына назар аударды. Сондықтандан жаңадан құрылып жатқан кәсіпорындарға талаптар экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен бірге жіберілетін болады.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы
-
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы
-
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары
-
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер
-
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды
-
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері
-
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері
-
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді
-
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады

