• Басты
  • Жаңалықтар
  • ЕАЭО аясында парламентаралық ынтымақтастықты белсенділету қажет – Нарышкин

ЕАЭО аясында парламентаралық ынтымақтастықты белсенділету қажет – Нарышкин

24 Қараша, 2014 13:57
Еуразиялық экономикалық одақ аясында парламентаралық ынтымақтастықты белсенділету қажет, деді Ресей Федерациясы Федералды Жиналысы Мемлекеттік Думасының Төрағасы Сергей Нарышкин Астанадағы «Президент. Парламент. Интеграция» халықаралық конференциясында.

«Біз Еуразиялық экономикалық одақ аясында парламентаралық ынтымақтастықты белсенділетуіміз қажет. Біріншіден, біздің парламенттер регламентінде ұлттық заң жобаларын ЕАЭО-ға сәйкестігі жөнінде тексеріс жүргізу қажет. Екіншіден, парламенттік комитеттерде бірлескен отырыстар өткізу қажет. Үшіншіден, депутаттардың,сарапшылар мен кәсіпкерлердің  қатысуымен дөңгелек үстелдер өткізу қажет», - деді ол.

Оның айтуынша, өткен жиырма жылдықта еуразиялық идея кеңінен танылды. Танылып қана қоймай, Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістік аясында тәжірибеге ұласты. «Экономикалық одақ елдердегі азаматтар мен кәсіпкерлер үшін кедергілерді жоюға бағытталған. Тауар, капитал мен жұмыс күшінің ортақ нарығы оң әсер етпек. Одақты құру арқылы еуразиялық интеграцияның қызметтік және институцияналдық аспектілері тұрақты түрде жетіле түспек», - дейді РФ Мемлекеттік Думасы Федералды Жиынының басшысы.

Оның айтуынша, еуразиялық интеграция Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты қатынаста үлкен  мәнге ие.

 Айта кетейік, Еуразиялық экономикалық одақты құру бойынша келісім Астанда 2014 жылдың 29 мамырында жүзеге асты.

Камила Амирова

Барлық жаңалықтар