• Басты
  • Жаңалықтар
  • Парламентке «Тұрғын үй құрылысына үлкескерлік қатысу туралы» заң жобасы енгізілді – депутат

Парламентке «Тұрғын үй құрылысына үлкескерлік қатысу туралы» заң жобасы енгізілді – депутат

24 Қараша, 2014 13:17
Парламентке тетіктерді құқықтық реттеуге бағытталған «Тұрғын үй құрылысына үлкескерлік қатысу туралы» заң жоабсы енгізілді. Бұл туралы бүгін ОКҚ брифингінде ҚР Парламенті Сенатының депутаты Асхат Күзеков мәлімдеді.

«Тұрғын үй мәселесін шешу мақсатында Парламентке тұрғын үй құрылысы кезінде үлескерлер қаражатын пайдалану кезіндегі қатерлерді азайтуды қамтамасыз ететін тетіктерді құқықтық реттеуге бағытталған «Тұрғын үй құрылысына үлкескерлік қатысу туралы» заң жоабсы енгізілді», - дейді депутат.

Сонымен қатар, оның айтуынша, қазіргі таңда тұрғын үй сатудың жаңа тетігі дайындалуда, ал 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап тұрғын үй құрылыстары ел бойынша жаңа бағдарлама бойынша іске асырыла бастады. Жалдамалы үй құрылысы бағдарламасының операторы «Қазақстан ипотека компаниясы» АҚ. Осы мақсатта 1 млн шаршы метр тұрғын үй салынады.  

Айта кету керек, Мемлекет басшысы өз Жолдауында жаңа тұрғын үй бағдарламасы аясында жалдамалы тұрғын үй құрылысының жаңа әдістері енгізуді тапсырды. Тұрғын үй халыққа алыпсатарсыз тікелей беріліп, төмен пайыздық үстемемен сатылады.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар