• Басты
  • Жаңалықтар
  • А. Әбдіров: Материалды-техникалық базаны тұрақты жетілдіру – бәсекеге қабілетті маман дайындаудың кілті

А. Әбдіров: Материалды-техникалық базаны тұрақты жетілдіру – бәсекеге қабілетті маман дайындаудың кілті

24 Қараша, 2014 12:36
Материалды-техникалық базаны тұрақты жетілдіру – бәсекеге қабілетті маман дайындаудың кілті. Бұл туралы бүгін С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің бірінші ректоры Айтжан Әбдіров ОКҚ брифингінде.

«Қазіргі таңдағы нарықтық экономика кезінде және республиканың Еуразиялық экономикалық одаққа енуі мен ДСҰ-ға деген талпынысы дайындайтын мамандарымыздың бәсекеге барынша қабілетті болуын талап етеді. Осы орайда әлемдік алпауыттардың тәжірибесінен көретініміз, материалды-техникалық базаны тұрақты жетілдіру – бәсекеге қабілетті маман дайындаудың кілті болып қала бермек», - дейді.

Сонымен қатар, А. Әбдіровтың айтуынша,  жоғары білім беру саласында өткізілген реформалар әрқашан өзінің оң өзгерісін әкелді деуге болмайды. Нақтырақ айтар болсақ, қазіргі таңдағы әлемдік дамыған елдердің тәжірибелерін де белгілі бір деңгейде жаңартып, кей жерлерін жаңаша қарауға мұқтаждық бар.

«Сол себепті біздің оқу процесімізге өзгерістер енгізу керек. Мысалға, теориялық сағаттардың тәжірибелік сабақтармен арадағы қатынастарын қайта қарап, практикаға басымдылық беру керек. Маман дайындауға бағытталған қаржыландыру жүйесін қайта қарау керек. Өндіріс пен еңбек нарығы сұранысын дер кезінде қанағаттандыру үшін автономды басқару мен авадемиялық еркіндік берілу керек», - дейді ректор.

Қазақ агротехникалық университетінің бірінші ректорының пікірінше, жоғары оқу орындарының автономды басқаруға өтуі қордаланған мәселелерді жедел шешіп, бәсекелестік ортада тұрақты түрде даму мен жоғары білікті маман дайындауға мүмкіндік бермек.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар