- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев пен М.Зиман ынтымақтастықтың келешегін талқылады
Н.Назарбаев пен М.Зиман ынтымақтастықтың келешегін талқылады
Кездесу барысында сауда-экономикалық, көлік-транзиттік, аграрлық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара ықпалдастықты нығайту мәселелері талқыланды. Машина жасау, энергетика, медицина және туризм салаларындағы ынтымақтастықты дамыту болашағы да әңгімеге арқау болды.
Мемлекет басшылары сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті жайттар туралы пікір алмасты.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Чехияны зор әлеуетке ие дәстүрлі қарым-қатынастар байланыстыратынын атап өтті.
«Көптеген әлемдік оқиғалардың дамуына қатысты біздің елдеріміздің көзқарасы ортақ. Чехия біз үшін Еуропадағы маңызды сауда серіктес болып саналады әрі соңғы жылдары экономикалық қатынастардың қарқыны өсіп келе жатқаны байқалады. Қазақстанда 70-тен астам бірлескен кәсіпорын, мәселен, «Шкода» автомобильдерін құрастыру өндірісі жұмыс істейді. 2005 жылдан бері 15 мың автомобиль құрастырылды, ал келесі жылы 8 мың көлік шығару жоспарлануда. Жалпы алғанда, бізде қарым-қатынастарды әрі қарай дамытуға, соның ішінде үкіметаралық комиссияны жандандыру арқылы дамытуға көп мүмкіндік бар», – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы сондай-ақ Чехия Президентінің осы сапары және оның аясында өткен келіссөздер өзара байланыстарға жаңа серпін беретіндігіне сенім білдірді.
М.Земан өз кезегінде ынтымақтастықты түрлі салаларда дамытудың маңыздылығына тоқталды. Ол сондай-ақ өзінің Қазақстанға, стратегиялық маңызы бар өңірде орналасқан елге келгенін атап өтті.
«Қазіргі кезде жаңа Жібек жолының әлеуетін ашу бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Біз Сіздің елдің қазіргі дамуына ғана емес, оның әлеуетіне де Орталық Азиядағы маңызды орын алатынын ескере отырып баға береміз», – деді Чехия Республикасының Президенті.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
ДСМ: Коронавируспен сырқаттанушылық деңгейі 1,4 есе төмендеді -
COVID-19: Молдовада карантиндік шектеулер күшейтілуі мүмкін, ал Черногорияда ковидпен ауруханаға түскендердің саны артуда -
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді -
Жамбылдағы жарылыс: себеп пен салдар -
Ұлттық қордың қаражаты: Кіріс пен шығын өлшемі -
Жем-шөппен қамту және егін жинау науқанына дайындық мәселелері -
Елордада орта есеппен күн сайын 300 адам ауруханаға түседі -
Медицина ұйымдарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері