• Басты
  • Жаңалықтар
  • АҚШ дін өкілдерінің басшылары Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезінің мақсаты мен міндеттерін қолдайды – СІМ

АҚШ дін өкілдерінің басшылары Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезінің мақсаты мен міндеттерін қолдайды – СІМ

24 Қараша, 2014 15:16
Вашингтондағы Қазақстан елшілігінде америкалық дін басшылары мен АҚШ Әкімшілігі өкілдерінің қатысуымен жыл сайынғы дәстүрлі кездесу болып өтті. Кездесудің басты тақырыбы келе жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің алдында діни төзімділік пен өзара сыйлыстықты дамытуды талқылау болды, деп сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Іс-шараға қатысқан ҚР мәдениет және спорт Вице-министрі Марат Әзілханов, 2015 жылы маусым айында болып өтетін бүкіл әлемнен діни басшылармен саяси қайраткерлер шақырылатын бесінші Съездің мақсаты мен міндеттері жайында егжей-тегжейлі айтып берді.

«Біздің әлем жақсылық пен өзара түсіністіктің негізінде бұдан сайын тұрақты және қауіпсіз болып-болмауы дәл осы әлемдік және дәстүрлі дін басшылары Съезі форматындағы кездесулерге қатысы бар екендігіне толықтай сенімдіміз», - деп атап өтті қазақстандық спикер.

«Осы Съезд Қазақстанның әлемде жылдам белең алып келе жатқан мәдени-танымдық және өркениетаралық диссонанс жағдайында әртүрлі діндер мен мәдениеттер арасындағы түсініспеушілікті жеңіп өтуге деген шынайы ұмтылысының үлгісі», - толықтырды М.Әзілханов.

«АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысының мұсылман ұйымдарымен байланыс жөніндегі арнайы уәкілі Шаарик Зафар Б. Обама Әкімшілігінің атынан келген қоғам қайраткерлері мен дін басшыларының алдында сөйлеген сөзінде осындай бірлікті насихаттаудың бастаушысы әлемге осы салада бірлесіп жұмыс атқарудың өзіндік көзқарасын ұсына алатын мемлекет болғаны кездейсоқ еместігін атап айтты», - делінген хабарламада.

«АҚШ- ұлтаралық және конфессияларалық қиыншылықтарын шешуге Қазақстан секілді елдердің көмегіне мұқтаж», - деді ол және екі елді жақын іскерлік қарым-қатынасқа шақырды.

АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі өз елінің атынан Қазақстанға әртүрлі діндер арасындағы жане ұлтаралық татулықты дамыту жолындағы озаттығы мен қоскан үлестері үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ ол өзінің студенттік шағында Алматыда өткізген күндерін жылы лебізбен еске алды. Өзінің жеке тәжирібесі жайында айта отырып, Ш.Зафар қазақстандық дінаралық татулықтың негізі бір жүйеге негізделген өзара түсіністік екендігін айтып өтті.

ҚР АҚШ-тағы елшісі Қайрат Омаров әлемдік тұрақсыздықтың жаңа ағымында дінаралық келіспеушіліктер айқын көріне бастағынын және әлемде бұған дейін болмаған шыдамсыздық пен қатігездіктің көріністеріне тап болғанын еске салды. «Діни экстремизм және радикализм тек кедей және дамушы елдерде ғана емес, сондай-ақ Батыста да жастар арасында белең алып келе жатқанына біз алаңдаушылықпен қараймыз», - деп атап айтқан қазақстандық дипломат осы мәселенің шешімін табуға Съездің алаңында күш біріктіруге шақырды.

Жалпы алғанда өткен кездесуде 40-тан астам  АҚШ-тың әртүрлі – христиан, ислам, иудаизм, буддизм, индуизм діндердің басшылары қатысты.

 

Барлық жаңалықтар