• Басты
  • Жаңалықтар
  • Т.Балықбаев: Қазақстанда техникалық мамандыққа бөлінетін грант саны көбейеді

Т.Балықбаев: Қазақстанда техникалық мамандыққа бөлінетін грант саны көбейеді

24 Қараша, 2014 11:57
Қазақстанда техникалық мамандыққа бөлінетін грант саны көбейеді, деді білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев.

«Біз соңғы жылдары техникалық мамандықтарға грант санын көбейтудеміз. Осы жылы 35 мыңның 12 мыңы техникалық мамандыққа бөлінді. Елбасы жүктеген ҮИИД МБ-2 бағдарламасын орындау мақсатында біз кәсіптік магистрадурада техникалық мамандықтарға мемлекеттік сұранысты ұлғайтамыз», - деді вице-министр.

Балықбаев сонымен қатар, студенттер арасында көп тараған мамандықтарды атап өтті.

«Біз жеке мамандықтарды қарастырдық, бізде ҮИИД МБ аясында оларға деген сұраныс көп. Бұл металлургия, химия саласы, машина жасау, астық өнеркәсібі саласы. Біз осы бағыттарда студенттер саны көп болады деп ойлаймыз», - деді Т. Балықбаев.

Айта кетейік, Елбасы Н.Назарбаев  «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» Қазақстан халқына Жолдауында 7 басым бағытты атап өтті, оның бірі инфрақұрылымды дамыту, оның ішінде 10 ЖОО-ны экономика және ғылым саласымен байланыстыру, сондай-ақ, индустриаландыру аясында материалдық-техникалық базаны нығайтуды тапсырды.

Индира Кауметова

 

 

Барлық жаңалықтар