- Басты
- Жаңалықтар
- ҮИИД МБ-2 аясында маман дайындау үшін 11 ЖОО іріктеліп алынды
ҮИИД МБ-2 аясында маман дайындау үшін 11 ЖОО іріктеліп алынды
Естеріңізге сала кетейік, болашақта индустриаландырудың екінші бесжылдығы кезінде салынған кәсіпорындарда жұмыс істейтін техникалық сала мамандарын дайындау үшін кезіндегі индустрия және жаңа технологиялар министрлігі 10 оқу орнын іріктеп алған еді.
«Ең алдымен, өңірлердегі 11 жоғары оқу орнын анықтадық. Осы 11 жоғары оқу орындары қазір арнайы дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Содан кейін олардың ішінен жылдың соңында 10 жоғары оқу орны іріктеліп алынып, осы бағдарламаны іске асыратын болады.Бұл жоғарғы оқу орындарын атап өтер болсақ, Астана қаласында құрылыс материалдарын өндіру, ақпараттық технологиялар, агроөнеркәсіп кешені бағыттары бойынша мамандарды Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті және Сәкен Сейфуллин атындағы Агротехникалық университеттері дайындайтын болды. Еліміздің орталық аймақтарында салалық мамандандыру үрдісін ескере отырып, Қарағанды Мемлекеттік техникалық универсиеті осы тізімге енгізіліп отыр. Шығыста машина құрылысы, металлургия, энергетика және мұнай-химия салалары бойынша мамандар дайындау үшін Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті және Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті анықталып отыр. Алматы қаласында Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті және Қазақ Ұлттық аграрлық университеті базалық оқу орындары болады", - деді ол.
Сондай-ақ оңтүстік және солтүстік өңірлерді айтар болсақ, оңтүстікте М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мелекеттік университеті анықталды. Бұл оқу орны химия, жеңіл өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешендер үшін мамандар дайындайды.
"Ал, Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті агроөнеркәсітік кешен және инженерия мамандарын дайындайтын болады. Сонымен бірге, Батыс Қазақстан облысында Атыраудағы мұнай және газ институты мұнай, мұнай химия саласының дамуына байланысты анықталып отыр», - дейді Балықбаев.
Т.Балықбаев сондай-ақ бұл мәселелерді сапалы түрде жүзеге асыру үшін тиісті жұмыстар қолға алынып жатқанын айта кетті.
Вице-министрдің айтуынша, бұл жоғары оқу орындарының барлығы георгарфиялық орналасуы жағынан біздің өндіріс орындарына жақын орналасқан. Егер олар өндіріс орындарына жақын орналасатын болса, біз оларға практикалық білім беруге де, жұмыс берушілермен тығыз байланыс жасауына да мүмкіндік береді.
Индира Қауметова
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады