- Басты
- Жаңалықтар
- Италияда «АТОМ» жобасы бойынша дөңгелек үстел өтті
Италияда «АТОМ» жобасы бойынша дөңгелек үстел өтті
«Ядролық қарусыз әлем - ол біздің мақсатымыз. «АТОМ» жобасы осы идеяны жүзеге асыруға бағытталған», - деді ҚР Елшісі Андриан Елемесов.
Дөңгелек үстелдің күн тәртібінде әлем халықтарының мазасын алған түйіткілді түйіндер талқыланды. Жалпы, қатысушылар ядролық сынақтардан, ядролық қарудан бас тарту, үлкен көлемде сақталған ядролық оқтықтар мәселесін қарады.
Азияның қақ ортасында орналасқан Қазақстан әлемнің экономикалық және жаңа саяси орталығы бола тұрып қарусыздану жолында ауыр сынақтан өтті. Астананың билігі 2012 жылдың 29 тамызында «АТОМ» халықаралық жобасын іске қосты - ол қарусыздандыру және ядролық сынақтарға тыйым салуға қолдау көрсетудің халықаралық ядролық компаниясы.
Бастама айтулы күні Семей ядролық полигонының жабылған күніне орай Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күні жүзеге асырылды. Семей полигоны Астанадан шығысқа қарай 400 шақырым қашықтықта орналасқан. Ол 40 жылдары ашылып, Кеңес одағы құлағанға дейін жұмыс істеп келген.
«Бұл бастама әлемнің миллиондаған халқының көз жасы мен зардабына қарамастан жүргізілді. Ал, «Атом» жобаның мақсаты Қазақстан, Маршаллов аралы, Алжир мен Жапония сынды елдердің ядролық сынақтардан зардап шеккен 15 милионнан астам халқының қасіретіне әлем қауымдастығының назарын аудару», - деп атап өтті А.Елемесов.
Бүгінде «АТОМ» жобасынан мыңдаған адамдар қолдау көрсетуде. Игі іске үлесін қосқысы келетіндер жобаның ресми сайтына кіріп тіркелуі керек. Бұл бейбіт болашақ үшін күрес. Бірге күресейік.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды