- Басты
- Жаңалықтар
- Душанбеде «Қазақ жерінің перзенті» атты кітаптың тұсаукесері өтті – СІМ
Душанбеде «Қазақ жерінің перзенті» атты кітаптың тұсаукесері өтті – СІМ
«Душанбе қаласында Тәжікстан Республикасының Мәдениет министрлігінде тәжік тілінде жарық көрген Тәжікстан суретшілер академиясының академигі, әдебиет саласындағы философия бойынша құрметті доктор, белгілі жазушы, аудармашы Абдуғаффор Абдужабборовтың аты аңызға айналған театр және кино актері, КСРО мен Қазақстан халық артисі, КСРО және Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлықтарының жүлдегері Асанәлі Әшімовтың өмірі мен творчествосына арналған «Қазақ жерінің перзенті» атты кітаптың тұсаукесері өткізілді», -делінген хабарламада.
Шараға А.Әшімов, Тәжікстан Республикасы Парламентінің депутаттары, ТР Ғылым академиясы, жазушылар және кинематографистер одақтары, бұқаралық ақпарат құралдары, «Тәжікстан-Қазақстан» достық қоғамы, «Байтерек» қазақ мәдени орталығы өкілдері және Тәжікстанның өнер саласындағы сарапшылық тобы қатысты.
Тұсаукесерде ТР Мәдениет министрі Шамсиддин Омурбекзода, Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ағыбай Смағұлов, Тәжікстан халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Саттор Турсун сөз сөйледі.
Олар екі мемлекет арасындағы халықтар достығының нығаюына осы сынды мәдени байланыстардың орны ерекше екенін атап өтті.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті