- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы облысында «ҚазТрансГаз» АҚ-мен ынтымақтастық туралы меморандум түзілді
Алматы облысында «ҚазТрансГаз» АҚ-мен ынтымақтастық туралы меморандум түзілді
«Бүгінгі уақытта әкімдік пен акционерлік қоғам арасында тығыз қарым-қатынас орнаған. Өңірлерді газдандыру мақсатында «Алматы облысының кешенді бағдарламасы» әзірленіп, жергілікті жоспарлар бекітілген. Облыс аумағынан транзитті «Қазақстан - Қытай» газ желісі өтеді», - делінген хабарламада.
Ағымдағы жылы «Алматы-Байсерке-Талғар» магистралды газ жүйесінің құрылысы аяқталып, енді «Алматы-Талдықорған» бағытындағы (260-шы шақырым) жұмыстар қолға алынуда. Бұл жоба аяқталған жағдайда 709 мың адамы бар 180 елді мекен және Талдықорған қаласы түгелдей дерлік газбен қамтылады.
«Біз бұл басқосуда облыс аумағына газ тарту мәселесінің түпкілікті шешу жолдарын қарастырдық. Облысымызда 2 млн.-ға жуық халық тұрады, алайда олардың 11% ғана көгілдір отынмен қамтылған. Елбасының тапсырмасына сәйкес облыс халқының әлеуметтік жағдайын көтеру мақсатында біз бұл бағытта барлық күш жігерімізді сала жұмыстар атқаруымыз қажет. Біздің ұстанған басты бағытымыз, ол - өңірге газ тарту жұмыстарын «ҚазТрансГаз» АҚ және оның еншілес кәсіпорындары сияқты арнайы мамандандырылған кәсіпорындармен жүргізу. Осындай басқосулар біздің алға қойған жұмыстарымызды жандандыруға оң ықпалын тигізе береді, - деді облыс әкімі Амандық Баталов.
Сонымен қатар, «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директоры Қайрат Шәріпбаев Талдықорған қаласында «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Жетісу өндірістік филиалы құрылғанын хабарлады. Бұл еншілес кәсіпорын еліміздің барлық газдандырылған өңірлерінде тарату желілері бойынша тауарлық газ жеткізумен айналысатын «ҚазТрансГаз» АҚ-ның еншілес ұйымы. Филиал өңірлік газдандыру схемасына сәйкес Алматы облысын газдандыру жөніндегі шараларды жүзеге асыратын болады.
Жетісу өндірістік филиалының директоры болып мұнайгаз саласында 10 жылдан астам уақыт жұмыс істеген Біржан Сәкенұлы Жылқайдаров тағайындалды.
-
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері